КЕЛЕС АУДАНЫНДА КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ МЕРЕКЕЛЕНДІ

252

 

Бүгін аудан орталығындағы «Ә.Кенжеев» атындағы аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған «Ардың шыңы – Ата заң» атты мерекелік іс-шарасы өтті. Салтанатты жиында Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев көпшілікті мерекемен құттықтады.

– Баршаңызды халқымыз үшін маңызы зор мереке – Конституция күнімен құттықтаймын. Ата заң – мемлекеттік биліктің қайнар көзі – халықтың өзі екенін айқындады. Конституцияны қабылдау кезінде жүргізілген референдум егеменді еліміздің дербестігі мен саяси тұрақтылығын сипаттаған бірден-бір тарихи, әлеуметтік маңызы зор құжатқа айналды. Конституцияны сыйлай білмесек, оның талаптарын мүлтіксіз орындай алмасақ, онда қоғамдық келісімге, тәртіпке, бейбітшілікке және тыныштыққа жету мүмкін болмайды. Сондықтан Конституцияны құрметтеу және оны ұлықтау біздің басты парызымыз. Баршаңызды Ата Заңымыз – Конституция күнімен шын жүректен құттықтай отырып, ынтымағы жарасқан еліміздің бағын асыратын, мерейін тасытатын үлкен істе жаңа жетістіктерге жетулеріңізге тілектеспін, — деген аудан әкімі еңбегімен дараланған бір топ азаматты аудан әкімдігі атынан марапаттады.

Мерекелік іс-шара Келес аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Рухты көтеретін әндер шырқалып, патриоттық шығармалар ел назарына ұсынылды.