ЕСКІ ТӨЛҚҰЖАТПЕН ЖҮРГЕН ҚАРТ АУЫЛ ТҰРҒЫНЫНА ЖАҢА КУӘЛІК ТАБЫСТАЛДЫ

533

Ордабасы ауданында полицейлермен ҚР азаматының құжаттарын немесе азаматтығы жоқ адамдардың куәліктерін рәсімдеу үшін мәртебесі реттелмеген адамдарды анықтау бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізілуде.

Осындай кезекті тексеру кезінде полицейлер КСРО-ның ескі паспортымен жүрген егде жастағы ер адамды анықтады. Одан соң тұрғынның жазбаша өтініші негізінде оның жеке басын куәландыратын құжаттарды қысқа мерзімде дайындап берді.

Нәтижесінде 65 жастағы зейнеткер ордабасылық полицейлерге алғысын білдіріп, жұмысына табыс тіледі. Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жасына және әлеуметтік мәртебесіне қарамастан тұрғындарға барынша көмек көрсетуге тырысады.

Заңнама талаптарын сақтай отырып, құжаттары жоқ немесе жоғалған азаматтарға оны қайта қалпына келтіруге көмектеседі. Әрбір азаматқа қажетті жеке куәлікті рәсімдеу үшін полицияға хабарласып, уақтылы әрекет етуге шақырады.