САЯСИ РЕФОРМАЛАР – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ЖОЛЫ

107

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алға қойған саяси реформалары – елді демократияландырудың ең басты алғышарты. Ел өміріне ауадай қажет саяси шешімдердің өз кезегінде қолға алынуы өте құптарлық. Жаңа Қазақстан құрудағы ең басты өзгеріс әуелі Мемлекет басшысының өзінен басталғанын басым айту қажет. Яғни, Президенттік өкілеттілікке шамадан тыс үстемдік беруден бас тарту туралы бірқатар өзгеріс енгізілді. Жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызмет және квазимемлекеттік сектор басшысы болуына тыйым салынды.

Президенттің саяси партияға мүше болуы тоқтатылды. Мемлекет басшысының Үкіметтің, облыс, республикалық маңызы бар қала және Астана әкімдері актілерінің күшін жою немесе тоқтата тұру жөніндегі құзыреті алынып тасталды. Сондай-ақ, аудан, қала, ауылдық округ әкімдерін қызметінен алу құқын жою, Конституциялық сот төрағасын және Жоғары сот кеңесі төрағасын тағайындау үшін Сенаттың келісімін алу міндеттілігі, облыс және республикалық маңызы бар қала әкімдерін тағайындауға мәслихаттардың келісімін алуы үшін баламалы негізде кемінде екі үміткер ұсыну секілді тармақтар енгзілді. Мұның барлығы шынымен де демократиялы елге кеңінен жол ашылғанын көрсетеді. Президенттің құзіретінен заңдар мен заңдық күші бар жарлық шығару өкілеттілігі де алынып тасталды. Мемлекеттік бағдарламалар мен мемлекеттік органдарды, ұйымдарды қаржыландыру жүйесін бекіту жұмысы тікелей Үкіметке берілді.

Майсара Сапарова, «Жанубий Қозоғистон» облыстық қоғамдық-саяси газетінің тілшісі