ОТЫРАРЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР «МУЗЕЙ ТҮНІ» ІС-ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

166

Отырар қаласында мемлекеттік археологиялық музей қорығының ұйымдастыруымен «Отырар мыңжылдықтар куәсі» тақырыбымен «музей түні» іс-шарасы өткізілді.

Аталған маңызы зор іс-шараға Отырар аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Ермек Усербаев пен жеке құрам қызметкерлері қатысып, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етті. Сонымен қатар ішкі істер органдарына жаңадан тағайындалған жас қызметкерлер көне Отырар қаласының тыныс-тіршілігімен танысты.

Іс-шара барысында көпшілік назарына көне Отырар қаласының тарихы, ортағасырлық қаланың тіршілігімен мен тарихи реконструкциялық қойылымдар көрсетілді.

Ұлттық ойындар ойнатылды және сәнді қолтаңбалы өнер шеберлерінің қатысуымен шеберлік сабақтар ұйымдастырылды. Осылайша ашық аспан астындағы музей түні ерекше өтіп, жиналғандарға рухани азық болар кеш сыйлады.