АУДАН ӘКІМІНІҢ КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУІ АҚЖАРДА ӨТТІ

316

 

Аудан әкімі Мұхит Отаршиев Ақжар ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады. Алдымен аудан басшысы алдыңғы кездесуде тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлердің орындалуы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде тоқталып, содан кейін алдағы жоспарларымен бөлісті.

Жиын барысында тұрғындардың басым бөлігі тозығы жеткен электр желілері мен бағаналарын және трансформаторды ауыстырып беру, асфальт жол салу, жаңадан салынған тұрғын үйлерді табиғи газбен қамтамасыз ету, тұрғын үй салу үшін жер учаскесін беру туралы өтініштері мен пікірлерін айтты.

Өз кезегінде аудан басшысы ағымдағы жылы Ақжар елді мекені, Т.Орынбай көшесіндегі апаттық жағдайда тұрған трансформатор «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС арқылы ауыстырылып, қоршалғанын жеткізді.

Сонымен қатар, аталған елді мекеннің шаруаларының өтінішіне орай, яғни вегетациялық кезеңде су тапшылығының алдын алу мақсатында «Қазсушар» РМК мекемесі тарапынан Р-15 каналын механикалық тазалаудан және ағымдағы жөндеуден өткізіп, ауылдағы ағын сумен қамту мәселесі шешімін табуда.

Кездесуден кейін, аудан басшысы ауыл тұрғындарын жеке қабылдады. Қабылдауға келген тұрғындардың жер және жарықтандыру мәселелері бойынша өтініштерін тыңдап, заң аясында жауап берді. Аудан басшысы ауыл тұрғындарын қабылдау барысында ауыл әкімі мен тиісті мекеме басшыларына өтініштерді назарға алып, заңға сәйкес оң шешуді тапсырды.