ТҮРКІСТАНДА АСАНБАЙ АСҚАРОВТЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Бүгін Түркістан қаласындағы Фараб кітапханасында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, ақын, ғалым Асанбай Асқаровтың туғанына 100 жыл толуына арналған конференция өтті.
Аталған шараға қала әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов, облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова қатысты.
Тағылымы мол басқосуға жиналғандар Асанбай Асқаровтың өмір жолы мен атқарған қызметтері жайлы баяндама жасап, сондай-ақ қайраткердің ауыл шаруашылығы саласындағы, өңірдің экономикасын дамытудағы ерен еңбегін тілге тиек етті.
Асанбай Асқарұлы Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарын басқарып, осы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосқан азамат. Ел ағасының облыс тұрғындары үшін жасаған игі істері мен қалдырған ізгі мұраттары бүгінгі ұрпаққа үлгі болып, ел есінде мәңгілікке сақталады.