ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ – ҚОҒАМДЫҚ ӨМІРДІҢ ТЕҢДІГІ

236

Барлық әйелдер мен қыз балалардың құқықтары мен мүмкіншіліктерін кеңейту мен гендерлік теңдікті қамтамасыз ету қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Халықаралық сарапшылар атап өткендей бұл таңдау емес, бұл қажеттілік, өйткені сәйкесінше проблемаларды шешпей ешқандай мемлекет тұрақты даму жолына түсе алмайды. Бұдан басқа, гендерлік теңдік кедейшілікті жою, экнмикалық өсім, сонымен бірге, тең және инклюзивті қоғам құру секілді басқа мақсаттарға қол жеткізуде қажетті элемент болып табылады.

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының отырысы өтті. Жиынды комиссия төрағасы Құлмаханов Айдос Құлмаханұлы ашып, жүргізіп отырды.

Жиынға комиссия мүшелері, дербес бөлім басшылары, тиісті мекеме басшылары қатысты.

Отырыстың күн тәртібінде 3 мәселе ұсынылып, қаралды. Жиында бірінші мәселе бойынша аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Ж.Мұсатаева баяндама жасап, аудандағы білім беру ұйымдарындағы инклюзивті білім беру, ерекше балалардың мәселелерін шешу туралы атқарылған жұмыстарды атап өтті.

Бөлім басшысының айтуынша бүгінгі таңда аудан бойынша 18 жасқа дейінгі балалар аралығында 673 мүмкіндігі шектеулі балалар бар, оның ішінде 3 және 7 жас аралығында 98 бала, 7 және 18 жас аралығында 514 бала бар. Аудандағы 13 мектепте 20 түзету дамыту сыныптарында 220 бала және 18 мектепте 18 логопунктте түзету – дамыту жұмыстарымен 272 оқушы қамтылған. Аудан орталығында орналасқан Т.Ибрагимов атындағы жалпы орта мектебі инклюзивті білім берудің ресурстық орталығы болып бекітілген.

Жиын барысында комиссия мүшелерінің сауалдарына жауап берген Ж.Мұсатаева инклюзивті білім беру бойынша негізгі мәселелер жоқ емес екенін, атап айтқанда арнайы мамандардың біліктілігін арттыратын курстардың жоқтығын, жалпы білім беру мекемелерінде жайдың жетіспеушілігіне орай логопунктке жеке кабинеттер берілмегенін, арнайы кабинеттерді жабдықтауға қажетті құрал жабдықтардың жеткіліксіздігін айтып өтті.

Мұнан соң аудандық орталық аурухана басшысының ана мен бала жөніндегі орынбасары м.у.а С.Тулешова әйелдердің репродукті денсаулығын қорғау, ана мен бала өлімінің проблемалары туралы баяндады. Ол өз сөзінде қазіргі таңда бала өлімін болдырмау, олардың өмір сүру деңгейін жақсарту мақсатында эксперттік кластағы УДЗ аппараттарымен қамтамасыз ету, жүкті әйелдерді босанғанға дейінгі жіті бақылануын, учаскелік дәрігерлер мен учаскелік мейірбикелерді балалық шақтағы ауруларды ықпалдастыра емдеу (ИВБДВ) бойынша қайта оқытып даярлау мәселелері қолға алынғанын жеткізді.

Сондай-ақ, күн тәртібіндегі үшінші мәселе әйелдер мен қыз балалардың құқықтары туралы да кеңінен сөз болды. Бұл бағытта аудандық полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция лейтенанты З.Надирова әйелдер мен балаларды жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстардан қорғау, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің және жеке адамға қарсы қылмыстық істер бойынша сот төрелігін іске асырудың проблемалық мәселелері туралы жұмыстарға тоқталып, жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Қоғамдағы жиі қозғалатын маңызы зор мәселелер сөз болған жиынды аудан әкімінің орынбасары А.Құлмаханов қорытындылап, комиссия отырысында көтерілген мәселелер бойынша айтылған ұсыныс-пікірлер ескеріліп, жұмыстардың орындалуы бақылауда болатынын айтып, тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.