ТҰРҒЫНДАРҒА УЛЫ ГАЗДАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ШАРАЛАРЫН САҚТАУ МАҚСАТЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ!

293

Соңғы жылдары иіс тиіп улы газдан улану және өрт қауіпсіздігін сақтамау салдарынан келеңсіз оқиғалар жиі тіркелуде. Осы орайда, келеңсіз жағдайды болдырмау мақсатында Түлкібас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі және аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті жұмыс жоспарына сәйкес, аудандық Төтенше жағдайлар комиссиясының төрағасы М.Жанесеннің «2022 жылғы жылыту маусымы кезінде улы газбен уланудың алдын алу және тұрмыстағы өрт қауіпсіздік шараларын сақтау» мақсатында құрылған жұмысшы топ мүшелері Түлкібас кентінің аумағындағы сауда орындары, Даулет, Береке, базары қызметкерлеріне, Өзбеков, К.Байсеріков көшесі тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Түсіндірме жұмыстарына аудан әкімінің орынбасары М.Жанесен бастаған, Түлкібас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Б.Азимбаев пен қызметкерлері, аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары, «КазТрансАймақ» АҚ пен «Оңтүстік Жарық Транзит», Тұрғын-үй коммуналдық шарушылығы және автомобиль жолдары бөлімінің, Кент әкімдігінің мамандары және Жастар ресурстық орталығы жанынан құралған еріктілер тобының өкілдері, барлығы 88 қызметкер тартылды.

Жалпы алдын алу шарасы барысында 300 үй араланып, 1400 ге жуық тұрғынға қаупсіздік шаралары түсіндірілді. 800 дана ескертпе парақшалары таратылды.

Мамандармен аралау кезінде тұрғындардың пәтерлеріндегі кемшіліктер: мұржалардың тазаланбауы, электр жүйелері мен газ плиталарындағы ақаулар ретке келтірілді.

Сонымен қатар, халық көп шоғырланатын орталық көше бойында аудандық өрт сөндіру және аудандық полиция бөлімі мен газ шаруашылығының арнайы көліктерін жұмылдыра отырып, дауыс ұлғайтқыш құрылғылары арқылы өрт қауіпсіздік талаптарын сақтау ережелері хабарландырылды. Түлкібас кенті бойынша орналасқан 2 автокөлікке газ құю бекеттерінің қызметкерлеріне қауіпсіздік шараларының нұсқаулығы түсіндіріліп, газ шаруашылығы, энергетика саласының мамандары тарапынан әдістемелік көмек көрсетілді.