ЕҢБЕК ШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНДЕ ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ЦИФРЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

246

Аудан әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Хасанов Бахытбек, Түркістан облысының мемлекеттік еңбек инспекторы М.Төленов, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Шымкент қаласы филиалының барып қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Б.Бекбердиев және Сайрам ауданындағы қызмет көрсету орталығының басшысы З.Алшынбаевалар мемлекеттік қызметшілермен кездесу өтті.

Жиын барысында еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркеуден өткізудің маңыздылығы, БЖЗҚ өзінің ресми сайты мен мобильді қосымшасындағы зейнетақы калькуляторының жаңартылғаны жөніндегі мәселелер түсіндірілді.

Алдымен еңбек шарттарына қатысты ескерілетін мәселелер назарға жеткізілді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының еңбек нарығы белсенді цифрландырылуда. Электрондық еңбек шарттарын жасау қарқын алуда. Электрондық түрде жасалатын еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі енгізілген.

Мемлекеттік мекемелер және өзге де мекеме-ұйымдардағы жұмыс беруші жұмыскермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, оған енгізілетін өзгерістер немесе толықтырулар туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізуге міндетті болып табылады.

Жұмыс берушілерге еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне заңнамада көрсетілген мерзімде тіркелуін қамтамасыз ету, сала басшылары (тиесілігіне қарай) мен ауыл округтерінің әкімдері бірлесіп, кәсіпорын басшыларымен кездесулер өткізу арқылы жұмыскерлердің еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне тіркеудің маңыздылығын түсіндіру туралы ұсынылды.

Келесі кезекте жиынға қатысушыларға болжамды зейнетақы калькуляторы туралы ақпараттар берілді.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің тиісті талаптары негізінде еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен жұмыскермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізуге міндетті екені аталды.

Одан бөлек, БЖЗҚ зейнетақы калькуляторы салымшылар үшін жаңа функциялармен толықтырылды. Зейнетақы калькуляторы жинақтарды алу жоспарланған жағдайда зейнетақы төлемдерін есептеуге мүмкіндік береді.

Өз кезегінде зейнетақыны есептеу нәтижелері кепілдендірілген төлем емес, болжам болып табылады. Әрбір салымшының болашақ зейнетақысының мөлшері оның зейнетақы жинақтарына байланысты екенін ескеру қажет.

Жинақтардың көлеміне ең алдымен, зейнетақы жарналарының мөлшері, оларды төлеудің жүйелілігі мен толықтығы, сондай-ақ, инвестициялық табыстылық әсер етеді.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша талқылау өтіп, соңына қарай аудан әкімінің орынбасары аталған мәселелерді ескере отырып, қолданыстағы заң талаптарына сәйкес жұмыс жүргізуді тапсырды.