ТАПСЫРМАЛАР ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ

328

Аудан әкімінің төрағалығымен апталық аппараттық мәжіліс өтті.

Күн тәртібінде аудан аумағындағы 2022 жылғы күзгі әскерге шақыру және жайылымдық жерлерді қайтару мәселелері, сонымен қатар санитарлық тазалық жұмыстарының барысы қаралды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық жер қатынастары бөлімі басшысы Н.Абылғазиев 2022 жылы ортақ пайдалануға берілетін жайылым жер бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды. Ауылдық округтерінде жер иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізумен қатар, тиісті заң талаптарына сәйкес жерлерді сот арқылы қайтаруды ұсынды.

Мәжіліс барысында аудан әкімі Уласбек Садибеков ауылдық округтерінің әкімшіліктерінің меншігіне ортақ жайылым жерді өткізіп, оған сол жерлердегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы тиісті жерлерді өткізудің қажеттілігін түсіндірді.

Келесі кезекте Сайрам ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Ғ.Балғынбаевтың берген мәліметіне қарағанда, Сайрам ауданы бойынша 2022 жылғы 17 тамыз–15 қыркүйек айларының күзгі әскерге шақыру, шақырушыларды зерделеу және медициналық тексеру жұмыстары жөніндегі іс–шаралардың орындалуы бойынша шақырту бекетіне келуге тиіс 1652 шақырылушыдан, 1155 шақырылушы ғана келді, 497 шақырылушы 30 % ешқандай себепсіз келтірілмеді.

Барлық ауылдық округтерде халық пен кездесу ұйымдастырылды. Түсіндірме жұмыстарын жүргізу оң нәтижесін беруде.

Әскерге шақырушылардың әскери қызметтен жалтаруы, жастардың әскери және ұлттық патриоттық сезімдерінің төмен денгейде екені атап өтілді. Өткен аптада бұл мәселе талқылаудан өтіп, бақылауға алынғаннан кейін аудан бойынша күзгі әскерге шақыру жұмыстары 70 % жетіп отыр. Бұл бағытта жұмыстар ауылдық округтерімен қайта жалғасатынын тілге тиек етті.

Аудан басшысы күзгі әскерге шақыру жұмыстарын төмен деңгейде орындаған ауылдық округтеріндегі әскери есеп столы бойынша тиісті мамандарға тәртіптік шара көру бойынша берілген тапсырманың нәтижесін аудан әкімі аппараты персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімшесінің басшысы Ғ.Айтқұловты келесі аппараттық мәжілісте баяндауды тапсырды.

Аталған мәселелерден бөлек, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Б.Бейсембаев ауданда «Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup Day 2022)» жыл сайынғы экологиялық акциясының өтуіне және жалпы тазалық жұмыстарының барысына тоқталды. Аудан аумағындағы барлық елді мекендерде аталған акция күні жалпы 2680 тұрғын қатысып, 57 техника тартылған. Сенбіліктің нәтижесінде аудан аумағында жинақталған 36 тонна ретсіз күл-қоқыстары қатты тұрмыстық қалдықтарды тастайтын полигондарға орналастырылды.

Сонымен қатар, аудан әкімінің берген тапсырмасына сәйкес, 16 бей-берекетсіз қоқыс жатқан орындары аталған сенбілікте жойылды. Бөлім тарапынан сенбілік барысын тексеру жұмыстары жүргізіліп, атқарылған жұмыстар өз деңгейінде жүргізілгендігі анықталды. Сенбіліктен кейін тексеру барысында Қарабұлақ және Арыс ауыл округтерінде тазалық жұмыстары толық атқарылмауына байланысты 4 кемшілік орындары анықталды.

Тазалық жұмыстарына бақылау жасау бойынша ауылдық округтеріне бекітілген әкім орынбасарлары қысқаша баяндады.

Мәжіліс соңында Ұласбек Сәдібекұлы сенбілік және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен өткен жәрмеңке ұйымдастыру жұмыстарын сынға алып, алдағы уақытта жоғары деңгейде өткізуді тапсырды. Күн тәртібіндегі талқыланған мәселелер қадағалауға алынды.