КЕЛЕСТЕ ӨТКЕН ЖАРЫСТА ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР СПОРТТАН ОСАЛ ЕМЕСТІГІН КӨРСЕТТІ

340

Келес ауданында зейнеткерлер шахмат және дойбы спорт түрінен сайысты. 1 — қазан Қарттар күніне орай өткен сайысқа келестік ардагерлермен қатар, Жетісай, Шардара аудандарынан келген зейнеткерлер қатысып, бас жүлдені сарапқа салды.

Келес ауданында орналасқан «Қазыналы қария — Тең қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында ұйымдастырылған шарада Келес ауданының ардагерлер төрағасы Шералы Сәрсенұлы ашып, зейнеткерлерге сәттілік тіледі.

«Бүгінгі күні облысымда зейнеткерлерге көңіл ерекше бөлінуде. Бұл өте қуанарлық жағдай. Келес ауданында ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандардың уақытын көңілді әрі емдік мақсатта өткізу үшін «Қазыналы Қария- тең қоғам» атты мекеме ашылып, жұмысын жүргізуде. Осы орайда аталған мекемеде спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылып, ерекше көңіл күй сыйлауда. Бұл үшін аудан басшыларына алғысымызды білдіреміз» — дейді Шералы Сәрсенұлы.

Тартысты әрі қызыққа толы өткен сайыста Келес ауданы «Қазыналы қария-Тең қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының зейнеткерлері дойбыдан жүлделі 1 орынды иеленді. Ал Шахмат ойынының нәтижесі бойынша 1 орынды Жетісай ауланынан келген «Асыл қазына — Тең қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының зейнеткерлері алды. Жүлделі орын алған ардагерлерге арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.