М.ӘЙТЕНОВ ҚОСЫМША ҒИМАРАТ ҚҰРЫЛЫСЫН ТЕКСЕРДІ ЖӘНЕ МЕТАЛЛУРГТЕР СТАДИОНЫ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУДА

169

ГИДРАНТТАР МЕН ПИРСТАР МАМАНДАР БАҚЫЛАУЫНДА

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов  төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссия отырысында өртке қарсы сумен жабдықтау жүйесінің жай-күйін бақылауға алуды тапсырған болатын.

Осыған сәйкес «Су ресурстары маркетингі» ЖШС мен Су құбыры және канализация басқармасы көшелерде жарамсыз өрт гидранттарын қалпына келтіруді бастады.

Айта кетейік, шаһар басшысы өз тапсырмасында қызыл жалынды сөндіруде өрт сөндірушілер және арнайы техникамен бірге су гидранттары да аса қажет деп ескертіп өткен.

Өрт сөндіру гидранттары — қалалық су жүйесінен арнайы орындар бөлініп, өрт сөндіру көліктері жалғанатын бұрандалар. Былайғы кезде жабулы тұрып, сол маңда өрт шыққан жағдайда арнайы техника қосылып, су алады. Сондықтан, төтенше жағдай кезінде гидранттар әрдайым дайын тұруы тиіс.

Тапсырманың орындалуы бойынша ТЖ департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының ұйымдастыруымен жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Жиын барысында қала әкімдігі тарапынан 2013 жылы орнатылған 23 өртке қарсы пирстердің қазіргі ахуалы талқыланып, кемшіліктерді жою бойынша шешім қабылданды және олардың жарамдылығы қатаң тексеріліп, жауапты мекемелерге ұсыныстар жолданды.

Жалпы Шымкент қаласының аумағында барлығы 4 913 өрт гидранттары есепке алынды. Оның ішінде көшелерде

4 011, объект аумағында 902 өрт гидранттары орналасқан. Барлығы бақылауда.

М.ӘЙТЕНОВ ҚОСЫМША ҒИМАРАТ ҚҰРЫЛЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов № 45 мектеп-гимназиясы жанындағы қосымша ғимарат құрылысының барысын тексерді.

Нысан Ш. Қалдаяқов көшесінің бойындағы білім ошағының жанынан салынуда, ауданы 1,2909 га жерді қамтиды.

Мұнда жаттығу және гимнастикалық сабақтарға арналған спорт залы қарастырылған. Сыйымдылығы 300 адам. 25 оқушы отыратын 12 сынып қарастырылған.

Нысан құрылысы осы жылдың көктем айларында басталған. Аяқталу мерзімі — келесі жылдың тамыз айы.

МЕТАЛЛУРГТЕР СТАДИОНЫ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУДА

Шымкенттегі металлургтер стадионы қайта жаңаруда.  Өткен ғасырдың 50-ші жылдары салынған спорттық нысан осы кезге дейін жөндеу көрмеген, қазір қайта жаңғыруда.

Құрылыс барысын шаһар басшысы М.Әйтенов арнайы барып, жұмыстардың орындалу барысын тексерді.

Жоба бойынша мұнда әкімшілік-тұрмыстық корпус (АБК), спорт залдар, асхана, командалық ойындарға арналған спортзалдар, 62 орынға арналған спортшылар үйі, 1504 орынға арналған трибуна, командалық киім ауыстыру бөлмесі, спорттық тренажерлер алаңшасы, ойындар алаңшасы, кешенде қолданылатын спорттық табло, сумен жабдықтау сорғысы, кәріз сорғы бекеті салынуда.

Аумағы 3 га аса жерді қамтитын нысанның құрылысы 2020 жылдың наурызында басталған, бүгінге дейін біршама жұмыстар атқарылды. Стадион құрылысы келесі жылға өтпелі.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Фотоға түсірген Береке Сейітжаппар