ДІНТАНУ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

127

Аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Жастар ресурстық орталығы мәжіліс залында аудан көлеміндегі білім беру мекемелеріндегі дінтану пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыру мақсатында семинар өтті.

Семинарға Түркістан облыстық Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» теолог маманы Қ.Салықбай, ішкі саясат бөлімінің басшысы Ә.Ысхах, бөлімнің сектор меңгерушісі Е.Шарапов, ауданның бас имамы А.Керімбаев, білім бөлімінің әдіскері және дінтану пәнінің мұғалімдері қатысты.

Кездесу соңында дінтану пәнінің мұғалімдеріне сертификаттар табысталды. Сонымен қатар, жиынға қатысушыларға кітаптар үйлестіріліп, қойылған сұрақтарға теолог маманы тұщымды жауаптар берді.