ТҰМАУДЫҢ АЛДЫН АЛЫҢЫЗ

241

Қазіргі таңда Шымкент қаласының емханаларында тұмауға қарсы екпелер жүргізілуде. Өйткені бұл мезгіл тұмаудың өршитін кезеңі. Ал аурудың алдын алуда ем-домнан бөлек екпенің тиімділігі мол.

Жіті респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) әлемдегі тұмауды біріктіретін аурулардың ең кең тараған тобы, парагрипп, респиреспираторлық-синцитиалдық инфекция, риновирусты және аденовирусты инфекция, басқа жоғарғы тыныс алу жолдарының талаурамалы қабынбалары. Даму үдерісінде вирустық ауру бактериялық инфекцияға асқынуы мүмкін.
Вирустар мен бактериялар тыныс алу жолдарына, шырышты қабыққа түсіп, зиянды уыттар бөліп шығарады. Олар қан арқылы барлық ағзаға таралады. ЖРВИ-мен балалар және иммундық жүйесі әлсіреген адамдар жиі ауырады. Иммунитет ауырғаннан кейін тұрақты емес, сондықтан әр адам жыл сайын 3-4 және одан да көп ауруы мүмкін.
ЖРВИ әдетте жіті, күтпеген жерден басталады. Жұқтыру мен ауру арасында орташа алғанда шамамен 2 күн өтеді. Ауырар алдында адамды шаршау сезімі, әлсіздік, ашуланшақтық мазалау мүмкін. Бұдан әрі бұл белгілер көбейеді, бас ауырады, қатты әлсіздік, бұлшық еттер сырқырайды, дене қызуы жоғарлауы мүмкін, терлегіш болады. Тұмау, тамақтың ауруы, жөтел пайда болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда тыныс алу жолдарының зақымдануымен конъюнктивит-көздің зақымдану белгілері болуы мүмкін.
ЖРВИ диагнозын терапевт және жалпы аймақтық дәрігер қояды. Сонымен бірге дәрігер несеп пен қан талдауын тағайындауы мүмкін. ЖРВИ емдеу әдетте дәрігердің бақылауымен үй жағдайында жүргізіледі. Пациентті ауруханаға тек аса ауыр жағдайда жібереді.
Екпелік алдын алу – тұмауды бақылаудың басты амалы.
Екпе — кез келген тұмау эпидемиясы кезінде ең сенімді қорғаныс болып табылады. Екпе нәтижесінде пайда болған иммунитет аурудан сенімді қорғайды. Көптеген маңызды инфекция, атап айтқанда полиомиелит, дифтерия, қызылша жаппай екпе нәтижесінде толық жойылады. Маусымдық тұмауға қарсы жыл сайынғы екпе барлық жастағы топтарда ауру мен өлім-жітімді барынша азайтады. Екпе мақсаты – инфекция ретінде тұмауды толық жою емес, тұмаудан өлім-жітімді және ауруларды, әсіресе оның асқынуларын, жүрек-қантамырлық, өкпе ауруларының, басқа да созылмалы патологиялардың асқынуын азайту. ДСҰ жыл сайын қатерлі топтарға тұмауға қарсы егуді ұсынды: 65 жастан жоғары (созылмалы патология болған жағдайда кез келген жаста), 6 айдан бастап 15 жасқа дейінгі балалар, медицина қызметкерлері және басқа да көптеген өндірістік байланыстағы адамдар.
ЖРВИ-мен, тұмаумен ауырған науқас үйде ауыруы тиіс. Жөтелген, түшкірген және сіңбірген кезде аузы мен мұрнын орамалмен жабуы керек, сілекейін шашыратпауы, құшақтаспауы және сүйіспеуі керек, өйткені сілекей мен қақырықтың тамшылары инфекцияны жұқтырудың негізгі көздері болып табылады.
Үй-жайды жиі желдету керек, себебі ауа қарқынды алмасқан кезде ауада вирустардың шоғырлануы, тиісінше инфекцияны жұқтыру мүмкіндігі аз болады. Витаминдер мен ақуызға бай, иммунитетті арттыратын тағамдарды (пияз, сарымсақ, шөптен, итмұрыннан және қарақаттан жасалған сусындарды және ашытқан қырыққабат, мүгжидек, лимондар, киви, мандариндер, апельсиндер, грейпфрут сияқты құрамында С витамині көп басқа да өнімдерді) тұтыну керек.

А.Тәжібаева,
Шымкент қалалық
№2 қалалық аурухананың СӨСҚ дәрігері

 

 

«Шымкент келбеті»