НҰРБОЛ ТҰРАШБЕКОВ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН САТЫЛЫМЫ ТУРАЛЫ БАЯНДАДЫ

484

Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлының төрағалығымен өткен бүгінгі аппарат отырысында Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы мен сатылымы туралы баяндады.

Шаһардың әкімшілік-іскерлік орталығында жалпы аумағы 360 мың ш.м. асатын 89 көпқабатты тұрғын үйдің (5649 пәтер) бой көтерген. Биыл тағы 2 мыңға жуық отбасы қоныс тойын тойлайды.

Жалпы 4 жылда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 2,5 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға тапсырылып, алаңы 2 есеге артты. Осы уақыт ішінде облыс орталығында 337 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде (15 411 пәтер, 1 001,1 мың м2). 2019-2021 жылдары 113 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді (5 433 пәтер, 342,9 мың м2).