ШЫМКЕНТТЕ КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ МЕН КУБОГЫ ӨТТІ

273

Көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының Чемпионаты мен Кубогына 400-ге  жуық спортшы 2 — жас ерекшелік бойынша жекелей түрден көпсайыс түрінен қатысты.

​Көпсайыстан Қазақстан Республикасының Кубогында спорт шеберлігіне кандидаттар арасында Астаналық гимнастшылар Ерекешова Ақмарал 1-ші орынды және Кушербаева Дария 2-ші иеленсе, Шымкенттік гимнастшы Бақытжанқызы Зере 3-ші орынды иеленді. Ал, спорт шеберлері арасында Астаналық гимнастшылар Бакатова Сабина 1-ші орынды және Байленова Дильназ 3-ші орынды иеленсе, Шымкенттік гимнастшы Парфилова Милана 2-ші орынға табан тіреді.

Жекелей көпсайыстан Қазақстан Республикасының чемпионатында спорт шеберлігіне кандидаттар арасында:

Құрсау: Ерекешова Ақмарал (Астана) — бірінші орын, Ренскова Камилла (Алматы) — екінші орын, Кушербаева Дария (Астана) үшінші орын.

Доп: Ерекешова Ақмарал (Астана) — бірінші орын, Бақытжанқызы Зере (Шымкент) — екінші орын, Кушербаева Дария (Астана) — үшінші орын.

Булава: Ерекешова Ақмарал (Астана) — бірінші орын, Ренскова Камилла (Алматы) — екінші орын, Бақытжанқызы Зере — үшінші орын.

Лента: Куряченко София (Астана) — бірінші орын, Бақытжанқызы Зере (Шымкент) — екінші орын, Васильева Валерия (Астана) — үшінші орынды иеленді.

Жарысқа Шымкент қаласы әкімінің орынбасары – Исахов Мақсұт Пернебайұлы; Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы – Тұманбаев Бауыржан Қалмұхамедұлы; ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері – Майра Мұхамедқызы; Қазақстандық гимнастика федерациясының Президенті — Юсупова Алия Мақсұтқызы қатысты. Қазақстан Республикасының Чемпионаты мен Кубогына 400-ге  жуық спортшы 2 — жас ерекшелік бойынша жекелей түрден көпсайыс түрінен қатысты.

Жарысқа Халықаралық дәрежедегі төреші – Фотина Елена Вадимовна төрешілік жасады.