ТҮРКІСТАНДЫҚ БЕЙБАРЫС ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ «ЕҢ ҮЗДІК ШАБУЫЛШЫ» АТАНДЫ

244

Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Байдулла Оразбеков түркістандық жас футболшы Бейбарыс Сұлтанбекұлын қабылдады.

Футболдан Грецияның Афина қаласында өткен халықаралық турнирде Бейбарыс «Тұран» командасының сабында ойнап, «ең үздік шабуылшы» атағының алған болатын.

Франция, Сербия, Албания, Украина сынды мемлекеттер қатысқан бәйгеде команда капитаны Бейбарыс Сұлтанбекұлы 14 гол соғып, алтыншы орынға жайғасты.

Оған дейін жас спортшы футболдан Қазақстан чемпионатында күміс жүлде, республикалық турнирлерде жеңімпаз атанып келген.

Футболшыны арнайы қабылдаған Байдулла Жұмадуллаұлы шаһар басшысының арнайы алғыс хаты мен сыйлықтарын табыстады.

Спортшыға ізгі тілегін айтып, алдағы жарыстарда биіктерден көрінетініне сенімін білдірді.

Сонымен бірге, команда жаттықтырушысы Марат Хожаахметұлының ұсыныс тілектерін тыңдап, қала спортының дамуында атқарған еңбектері үшін марапаттады.