КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
Сауран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Сауран ауданының жастары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында кіші футболдан аудандық турнир өтті.
25 қазан Республика күніне орай, ұйымдастырылған жарыстың ашылу салтанатын Сауран ауданы әкімдігі “Ішкі саясат бөлімі” ММ-нің бас маманы М.Құлымбетов және Сауран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Айгерім Ералықызы ашып беріп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Тартысты өткен доп додасына Сауран ауданының 12 ауылдық округ бойынша өткен іріктеу сайысынан финалға жолдама алған 6 команда қатысып, өз белсенділіктерін көрсетті. Ойын соңында озық шыққан командалар жүлделі орындарға ие болып, арнайы Диплом және Алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қоса бағалы сыйлықтар да табысталды.
Топ жарып, қарсыластарына дес бермей, әдемі ойын өрнегін көрсеткен:
Шаға ауылдық округі — І орын;
Ескі Иқан ауылдық округі — ІІ орын;
Шорнақ ауылдық округі — ІІІ орынды иеленді.