АНА МЕН БАЛА ҚҰҚЫҒЫ АСА МАҢЫЗДЫ

768

Түркістан қаласының полицейлері қала мектептерінде құқықбұзушылық жайттардың алдын алу мақсатында оқушылармен және олардың ата аналарымен жиі кездесіп тұрады. Кездесуде ата ана құқығы, ана мен бала құқығы, жасөспірімдердің құқығы жайында тағылымды әңгімелер айтылып, құқықтық сауаттылық жайында пікір алмасады. Түркістан қаласында ана мен бала құқығын қорғау – әрқашанда аса маңызды басымдықтардың бірі болып табылады. Себебі, мемлекеттің ең басты қазынасы – адам екендігі Қонституцияда анық жазылған.  «Балалар – қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі. Сондықтан олардың құқығы қорғаулы тиіс. Жалпы  елімізде Ана мен баланың құқығын қорғайтын орталықтар мен мекемелер көп.

Қазірде мұндай орталықтар тағдыр тауқыметіне ұшыраған қыз-келіншектерге үлкен пана болуда. Ол орталықтар бүкіл Қазақстандағы перзентханалармен тығыз байланыста. Осы орталықтардың жұмысының нәтижесінде тығырыққа тіреліп, баласынан бас тартпақ болған талай қыз-келіншектер өз ойларынан қайтып, өмірге басқаша көзқараспен қарауда. Аталған мекемеде кез-келген қыз-келіншекке сәбиінің ширап, буыны бекігенше барлық жағдай жасалады. Яғни, ол жерде бала бір жарым жасқа толғанша тегін тұруға, әлеуметтік-моральдық тұрғыдан көек алуға, баласының құжаттарын реттеуге барлық жағдайлар жасалады. Одан бөлек, білімі жоқ қыз-келіншектердің оқып, мамандық алуына да көңіл бөлінген. Яғни, бұл орталықтардың басты мақсаты – қорғансыз қалған ана мен баланың жағдайын жасап, оларға пана болу. Елімізде ата-ана қамқорлығысыз алған тірі жетімдердің санын азайту. Қазір осы орталықтың қызметінің арқасында баласын тастауға бекінен аналардың 70 % і өз ойларынан қайтып, өмірге қайта бейімделген. Ал, жалпы елімізде Ана мен баланың құқығын қорғайтын орталықтар мен мекемелер көп.

Қорыта айтқанда, ана мен бала мәселесі және олардың құқығы мемлекет үшін қашан да маңызды. Сондықтан да, мемлекет тарапынан олардың барлық құқығы ел үшін ең маңызд құжат заңмен қорғалады. Аналардың сапалы білім алып, түрлі салада қызмет жасап, ансаптық тұрғыда көтерілуіне, балалардың тегін білім алу құқығын ешкім де шектей алмайды. Бұл мемлекетіміздің және оның басшыларының ежелден келе жатқан аналарды ерекше қадірлейтін ұлы қасиетін мемлекеттік дәрежеге көтерігенінің бір сипаты деп білеміз.