ТҮРКІСТАН: БАЛАЛАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ҚАЛЫПТАСТЫРУ КЕРЕК
Түркістан қаласының полиция қызметкерлері қазірде қаладағы мектептерді аралап, оқушылармен құқықтық сауаттылық, құқықтық мәдениет және бала құқығы бойынша түсірдірме жұмыстарын жүргізуде. Осы жұмыстар барысында түнгі рейд жұмыстарын ұйымдастырып, жасөспірімдердің қауіпсіздігі үшін қадағалау, түсіндірме жүмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда қоғамды толғандырып отырған мәселелердің бірі бұл-құқықтық мемлекетте өмір сүре отыра, азаматтарымыздың құқықтық сауаттылығының төмендігі. Осыған орай, Түркістан қаласының сақшылары мемлекет саясатының негізгі құрамдас бөлігі — адамның құқықтық мәдениетінің деңгейін көтеру екендігін айтады.
Құқықтық сауаттылық пен мәдениет қалыптастыру ол – әділет жолы, адам, қоғам, мемлекет мүддесінің үйлестірушісі, заңдылық пен демократияның даму негізі болып табылады. Осыған орай Өйткені еліміздің әрбір азаматты өз құқығын, бостандықтарын, міндеттерін білуі тиіс, әрбір азамат құқық нормаларын, заңдылық талаптарын берік ұстануы керек. Сонда ғана мемлекетіміз саяси, экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан дамып, тәртіп нығаяды. Қазіргі заман адамдарға жаңа талаптар қоюымен ерекшеленеді, себебі Қазақстанның даму деңгейі қоғам өмірінің барлық саласына терең өзгерістер енгізуде. Елеулі өзгерістердің бірі – демократиялық-құқықтық мемлекет құру. Сол себептен қазіргі заман тұлғасы сана-сезімі жоғары, өз іс-әрекетіне жауапты, әлеуметтік өзгерістерге тез бейімделе алатын, өз шешімін қабылдай алатын азамат болуы тиіс. Сонымен қатар еліміз болашақта өзін зайырлы, құқықтық, демократиялық мемлекет ретінде орнықтыруды мақсат етіп отыр. Бұл мақсатты жүзеге асырудың тетігі жастар екендігі белгілі. Сондықтан да жастардың құқықтық білімі мен тәрбиесін жетілдіруге бағытталған шаралар қажет.«Құқықтық сауаттылық – қазіргі заман талабына сай құқықтық тәрбие үдерісі, құқықтық сауаттылық, құқықтық мәдениеттілік. Әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан хабардар болғаны дұрыс. Сонымен қатар қоғамда болып жатқан әрекеттердің заңға қарама-қайшылығын немесе сәйкестігін сараптай алуы оның құқықтық сауаттылығымен тікелей байланыстылығын аңғартады. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы.
Адамның құқықтық білімі мен құқықтық тәрбиесі, ішкі нанымы құқықтық мәдениетінің «іргетасы» саналады. Осы «іргетастың» қалай қаланғанына байланысты адамда мынадай қасиеттер қалыптасады: — құқықтық білімнің сапасы және оны қолдана алу; — заңға қатыстық сипат (заңды сыйлау сезімі, заңдылықты сезіну); — құқықтық норманы орындауға дайын тұру; — заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуда белсенділік көрсету. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру жұмыстарын жүргізу барысында мыналарға мән беру керек: — жастар демократия негіздерін оқып-үйренулері тиіс; — олар өз құқықтары мен міндеттерімен танысып қана қоймай, бостандық, тұлға, құқықтық мемлекет деген ұғымдармен таныс болуы керек; — қайырымдылық және зұлымдық, әдемілік және талғамсыздық, т.б. құқық нормасымен байланысты елестетіп отырулары қажет; — құқықтық тәрбие адамгершілік және эстетикалық тәрбиемен байланысты болуы міндетті; — заң туралы аса қызыға білгені дұрыс. Өйткені құрғақ ақпарат оқушылардың миына жетпейді, жүрегін елеңдетпейді. Жеткіншектердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, олардың құқықтық жаңаруы мақсатында әр түрлі шығармашылық нысандарды қолдану қажет. Яғни, білімді адам тәртіпсіз, моральға қатыссыз, заңға қарсы әрекеттердің тигізетін залалы мен зиянын ұғып біледі. Ал құқықтық білімді тұлғаның құқықтық санасы мен мәдениеті жоғары дәрежеде болатыны анық. — Құқықтық білім беру жүйелі, мақсатты, құнды оқушылардың құқықтық мәдениетін көтеруге бағытталған болуы, құқықтық мәдениеттің өзі тұлғаның құқықтық дамуның деңгейі ретінде қаралуы тиіс. Біз оқушылардың жақсы құқықтық білімді меңгеруі оны әлеуметтік құндылық ретінде қарастыруы және тұлғаның құқықтық тәртібі шеңберінде бағытталған әлеуметтік –құқықтық қалыптасуы ретінде қабылдауы үшін талпынуымыз керек. — Құқықтық санасы мен мәдениеті дамыған тұлға заң нормаларына бағынып, өз міндетін орындап, заңға қайшы әрекет жасамайды. Сондықтан да құқықтық тәриені ойдағыдай жүзеге асыру үшін жасөспірімнің құқықтық санасы мен мәдениетін қалыптастырып, дамыту қажет. — Құқық бұзушылықтың алдын-алудың негізгі мақсаты- тұлғаның санасындағы, әрекетіндегі құбылмалы өзгерістерді шектеп оның өзгеруіне жол бермеу. Ал құқықтық тәрбиенің негізгі мақсаты-заң нормаларына бағынатын, өз міндеттерін мойындайтын, заң тәртібін бұзбайтын құқықтық санасы мен мәдениеті жоғары дәрежеде қалыптасқан құқықтық мемлекеттің үлгілі азаматын тәрбиелеу. Жасөспірімді құқықтық тәрбиелеу арқылы қоғамдағы әртүрлі құқық бұзушылықтардың алдын-алу жұмыстары жүзеге асады. Осыған байланысты құқықтық тәрбие жалпы тәрбие жүйесінің ерекше орынға ие екендігін ескере отырып, оны заман талабына сай жүргізуіміз керек. Себебі, біріншіден, білімі мен ғылымын бүгінгі талапқа сай дамыта алмаған ел әлемдік бәсекеге төтеп бере алмайды. жас баланы құқықтық мәдениет пен білімге бағыттай отырып, тәрбиелей біліп, қылмыстық істерге жасөспірімдерді жібермеу керек. Ал, енді бүгінгі күннің тәртіп мәселесінде, мен назарды білім саласындағы жалпы білім беру буынына, жасөспірімдерге бекер аударып отырғаным жоқ. Өкінішке орай жасөспірімдер арасында тәртіп бұзушылық көбейіп барады. Жасы толмағандарды қылмысқа бой ұрындырудың себептер іштей іріп-шіріген отбасында, тәрбие беру ісі ақсаған мектепте, ел басына түсіп отырған қиындықтан туып отырғандығы сөзсіз. Мектепте құқықтық тәрбие беру үдерісін кезең-кезеңмен өткізген жөн.
Адам қалған құндылықты жасаушы, құрушы, жүргізуші. Қоғамдағы барлық институттар адамға, адамның игілігі үшін қызмет етуі керек. Осы тұрғыдан алғанда адам құқық нормаларын меңгере отырып, өз құқықтарын білуге және оны қорғай білуге үйрету мәселесі өзекті болып саналады.
Құқық — бұл мемлекет бекіткен және рұқсат еткен жалпыға бірдей міндетті мінез-құлық ережелерінің жиынтығы, құқық адамдардың арасындағы маңызды қатынастарды реттейтін, оның орындалуын мемлекет қадағалап отыратын жалпы білімдік нормалар жүйесі. Құқықтың мазмұны оның негізгі бастамаларында, яғни негізгі ұстанымдарында көрініс табады. Олар мыналар: саяси биліктің халық еркіне бағынуы; меншік түрлерінің теңдігі және адамгершілік ұстанымдарына сүйену.
Азаматтардың құқықтарының өзі мемлекеттің мақсат-мүддесіне және мүмкіншілігіне сәйкес өзгеріп отырады. Адам құқығына кіретін жайлар мыналар: барлық адамдардын заң алдындағы теңдігі; тәннің дербес құқығы адамзаттық ар-намысты сыйлау, оны қорламау; Негізсіз, заңсыз тұтқындамау немесе ұстамау; дінге сену және ұждан бостандығы; ата-аналардың балаларын тәрбиелеуі; қанаушыларға қарсылық көрсету құқығы.
Бүгінгі қоғамда әр адамның құқық пен адам құқығын негіздерін білуі арқылы заңға деген құрмет, заң алдындағы жауапкершілік, міндет, парызды сақтау санасы қалыптасқан. Ол құқықтың сананың қалыптасу деңгейін танытады. Құқықтық санадан адамның құқықтық мәдениеті танылады. Құқықтық мәдениет – белгілі бір мемлекеттік діни, этникалық қауым мүшелері қабылдаған, олардың қызметін реттеу үшін пайдаланылатын құндылықтар, құқықтық идеялар, сенім-нанымдар, мінез-құлық қалыптары, құқықтық дәстүрлер жүйесі.
Құқықтық санамен тығыз байланысты және оның туынды құбылысы құқықтық мәдениет болып табылады Құқықтық мәдениет қолданылып жүрген құқық нормалары білімінің жоғары деңгейімен сипатталады. Оған субъектінің құқыққа құрметпен қарауы тән. Ол адамдардың мінез-құлқы олардың құқықтық сенімдеріне, сондай-ақ олардың басқа адамдар қылықтарының заңдылығына баға беруіне және құқық бұзушылықтың жасалуына бастамашылықпен кедергі жасауына сәйкес келуін анықтайды. Жеке адамның құқықтық мәдениеті дегеніміз – орынды тәртіп пен мінез-құлық, жан-жақты құқықтық білімдерімен заңды құрметтеу, құқықты қорғау іс-әрекетінің терең бірлігі.
Құқықтық мәдениет:Құқықтық мәселелер, құқықтың қатынастар, құқықтық мекемелерді адамның білуі.Құқықтық сананың қалыптасуы.Құқықтық қоғам демократиялық принциптерге сүйене отырып, әр адамның шығармашылық күштерін, ниетін, ойын, сезімін, ұмтылысын толық және еркін жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Адамның жалпы мәдениеті мен оның құқықтық мәдениетінің арасында байланыс бар. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру маңызды. Ол құқық қоғам мен қоғамның әрбір мүшесінің бүкіл өмірін қамтып жатады. Құқықтық мәдениеті нашар дамыған адам тек заңның өрескел бұзылған жағдайына ғана оған зейін аударады да, құқықтық талаптарды мойындамаған көп жағдайларды байқамайды. Заңды білмеу – құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайды. Құқықтық мәдениет адамнан жан-жақты құқықтық білімдерді талап етеді. Адамның құқықтық мәдениеті – күрделі құбылыс. Бұл құбылыс қоғамның, мемлекеттің көптеген маңызды салаларында көрінеді. Ең бастысы адамгершілікті адам тұлғасының сапалық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал жасайтын тәрбие құралдарының бірі – орынды тәртіп және мінез-құлық тәрбиесінің жоғары деңгейінде болуы.