Н.ТҰРАШБЕКОВ: «ҚАЗІР ДЕМАЛУҒА БОЛМАЙДЫ, ЖАУЫН-ШАШЫН БАСТАЛҒАНША ӘР СӘТТІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ КЕРЕК»

180

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков бүгін ІІ мөлтек ауданындағы, Т.Бокин көшесіндегі екіқабатты тұрғын үй аулаларындағы абаттандыру құрылысын аралап, жұмыс барысын тексерді.

Аралау барысында аулалардағы заңсыз құрылыстарды бұзу бойынша сала басшысына нақты тапсырмалар беріп, орындалу мерзімін бекітті.

Бірлік секторындағы сквер, «Отырар» мөлтек ауданындағы желілік саябақ құрылысы мен жарықтандыру жұмысына қатысты бірқатар кемшіліктер айтылып, мердігер мекемеге ескертілді.

Сонымен қатар, жолдарға тас төсеу мәселесі мен қала аумағындағы тазалық жайы да бақылаудан тыс қалмады.

Жауапты мамандарға кемшіліктерді жоюға уақыт берілді.

Нұрбол Әбдісаттарұлы «Қазір әр сәтті тиімді пайдалану керек. Алдымызда жауын-шашын кезеңі бар. Сондықтан уақытпен санасудың қажеті жоқ» деп, тірлікті тиянақтауға барлық күшті жұмылдыру қажеттігін атап өтті.