“ҚАЗАҚТЫ ӨЗГЕ ҰЛТТАН ЕРЕКШЕЛЕЙТІН ЕКІ НӘРСЕ БАР…”

740

Қазақты өзге ұлттан өзгеше ететін екі нәрсе бар.Ол күмбірлеген күйі мен айтысы. Күй құдіретімен өнер әлемінде санасатын,тайталасатын,бәсекегетүсе алатын ешқандай музыкалық аспап жоқ. Қарадомбыраны қолға алып шерте бастағанда күйкүмбірі сары майдан қыл суырғандай баяулап бауырыңа кіріп, жүректі жайлап, алпыс екітамырыңды босатып,бойыңды баурап рахат күйгеендіреді. Күмбірлеген күймен бірде жоғарыкөтеріліп аспанда қалқысаң, бірде төмендеп ылдиға түсіп перне қозғалысымен бірге көңілшіркін күй шертеді. Құлақтарын бұрап нәшінекелтіріп алған соң құлақтан төмен орналасқан кіші тиекке көз жүгіртесің. Кіші тиекті шайтан тиек деп те атайды. Күй тартып болған соң дыбысшығаратын ойыққа еріксіз көзің түсіп,домбыраныңшанағын сипалап өтіп түймесін бір бұрап өтесіз. Түйме қатты болғанмен басып тұрған сәтіңіздебасу айтқандай көңіліңді бір тоқтамға келтіргендей күйге ендіртеді. Ой тоқтатасың,түйін сөз өсы кездепайда болады. Қара домбыраның басқа жұрт білебермейтін құдіреті де қасиеті де осында жатыр.
Бүгін қазақ күй өнерінің дүлділі Дина Нұрпейісованың өмірі туралы «САҚ» киностудиясының түсірген «Дина Күй құдіреті» атты телехикаяның шығармашылық тобынменөтетін кездесуге қатыстым. Домбыраны қадірлемейтін қазақ жоқ. Соның бірі сияқты мен мектеп қабырғасында Дина күйлерін тыңдап өстім. Дина тек Құрмағазының «Қайраншешем»,Дәулеткерейдің «Қосалқасын» кереметорындаушысы ғана емес «Тойбастар», «Анабұйрығы», «Жеңіс», «Көкөніс», «Делегат», «Сауыншы» күйлері кеңес дәуірінде дүниегекелген. Дина ұзатыларда өзінің еншісіне берілгенқарақасқаға арнап «Қарақасқа» күйін шығарған. Қыз ғұмырмен қоштасуды осылайша қарадомбыраның қос ішегімен жеткізген. Дала философиясын, дәстүрімізді ұрпаққа мирас етіпқалдырған. Дина күйлерін қазақ біткенаудиотаспалардан білеміз. Заманына сай қақпайлапкеңес дәуірі кеңінен көсілуіне мүмкіндік бермегенболар деп пайымдаймын. Басы қасында болмасақта күйлерді тыңдап өстік. Күй көп адамныңсырласы, қара домбыра мүңдасы.
Дина «Әсем қоңырды» шерткенде саусақтарындаерекше салмақ, тазалық, көңілдің дірілі, кеңдік, дала кербездігі, еркіндікке талпынған бұлқыныс ырғақтары сезілетін. Күй құдіреті осы болар.Ұрпаққа деген ұлттық тәрбиенің, ұлттық болмыстың тамыры домбыраның күмбірінде,күйдің құдіретінде жатыр.

Қалыйма Жантөреева, “AMANAT” партиясы Түркістан облысы филиалының атқарушы хатшысының орынбасары, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, Түркістан облысының “Құрметті азаматы”