ЖЕРЛЕСІМІЗ ГҮЛБАНУ ИСАБЕКОВА ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫСТЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

331

Қазақ зағиптар қоғамдық бірлестігінің 85 жылдығына және «Зағиптар» күніне орай, Қазығұрт ауданы орталығында «Раян» оңалту орталығы мен «Қазақ соқырлар қоғамы» бірлестігінің бірлесе ұйымдастыруымен «Өмір маған қымбатсың» атты облыстық іс-шара өтті.

Зағип жандар арасында спорттың дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ түрлерінен өткен облыстық жарысқа тоғызқұмалақ спорт түрінен Сауран аудандық зағиптар қоғамының өкілі Гүлбану Исабекова қатысып, жүлделі 3-орыннан көрінді. Гүлбану Ибадуллақызы ұлттық спортымыз тоғызқұмалақты жас кезінен ойнап, көптеген жарыстарда жоғары көрсеткішке қол жеткізіп келеді. Жерлесімізді жеңісімен құттықтаймыз.