САУРАН: ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

231

Бүгін Сауран ауданындағы мәдениет үйінде аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің республика күніне орай, ұйымдастыруымен «Жаңа Қазақстан-Екінші Республиканы құрудағы мемлекеттік модельді және саяси мәдениетті жаңарту мәселелері» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Концеренцияның мақсаты облыс көлеміндегі сала мамандары мен ғалымдардан мемлекеттіміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері, саяси бағыттары мен даму белестерінің тарихын баяндай отырып, жаңа Қазақстанның мемлекеттік модельді және саяси мәдениетті жаңарту бағыттары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарларды зиялы қауым өкілдері мен көпшілікке кеңінен таныстыру және насихаттау болып табылады.

Конференцияда Сауран ауданының құрылған бір жылдығына орайластырып, «Сауран ауданының тарихи мәдени құндылықтары мен туристік әлеуеті және тілге қатысты кейбір мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағының тұсаукесер рәсімі өтті. Шараға Сауран ауданының әкімі Ғ.Рысбеков, аудандық қоғамдық кеңес мүшесі Ж.Бекмұрзаев, Түркістан облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі, «Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы Б.Бейсембаев, ауданның зиялы қауымы тағы да басқа қонақтар қатысты.

25 қазан республика күні болып кездейсоқ таңдалған жоқ. 1990 жылдың Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған болатын. Декларацияда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының егемендігі жарияланып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланды. Егеменді мемлекеттіліктің іргелі қағидаттары ретінде Қазақстанның жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді. Сонымен қатар, бүгінгі шарада «Сауран ауданының тарихи мәдени құндылықтары мен туристік әлеуеті және тілге қатысты кейбір мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағының тұсауы кесіліп, өз оқырмандарына жол тартқалы отыр. Бұл жинаққа тарихшылар, өлкетанушылар, тіл, филология, шығыстану, мәдениеттану, туризм, музей және мәдениет саласының білікті қызметкерлерінің ғылыми мақалалары еніп отыр, — деді аудан әкімі Ғани Құрмашұлы.

Бұдан соң шара «Жаңа Қазақстан-Екінші Республиканы құрудағы мемлекеттік модельді және саяси мәдениетті жаңарту мәселелері» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмысымен жалғасты.