АУДАНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ, “ӨНЕРІМ САҒАН — ҚАЗАҚСТАН!” АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРАСЫ ӨТТІ

285

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек деп Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың отырысында айтқан болатын. 1990 жылы өткен Қазақ ССР-нің Президентінің сайлауы Алаш жұртының тағдырына түбегейлі өзгеріс енгізді десек қателеспейміз. Яғни, 1991 жылы 25 қазанда Егемендік туралы декларация қабылданса, сол жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Әлем картасында Тәуелсіз ел ретінде орын алды.

Ауданның басты мақтанышы, ол әрине, тарихы терең көне Сауран қалашығы. Аудан құрылғалы бері көне қаланың қамалдарына қайта қан жүріп, қорғандарына жан біткендей. Еліміздің түкпір-түкпірен осынау аспан асты музейін, ғасырлар соғысында қорғаны міз қақпай, әлі күнге дейін қасқайып тұрған Сауран қалашығын тамашалауға келген туристтердің толассыз легі, ескі ескі шаһардың тарихы қайта тіріліп, ерте заманда Түркістанмен қатар дамыған Сауран қалашығының бүгінгі күнде жаңа өмірі басталғандай әсер қалдырады.

Бүгін Сауран ауданында 25 қазан Республика күні ұлттық мерекесі кең көлемде аталып, «Өнерім саған – Қазақстан!» атты мерекелік шарасы ұйымдастырылды. Айтулы шараға Сауран ауданының әкімі Ғ.Рысбеков, мәслихат хатшысы М.Күнпейісов, ауданның зиялы қауымы мен қонақтары қатысты. Алдымен ауданның орталығындағы жастар демалатын аллеяның ашылу рәсімі өтті. Мерекелік шарада аудан әкімі Ғани Құрмашұлы мерекелік жиынның мыңыздылығына кеңінен тоқталып, жиналған көпшілікті республика күнімен құттықтап, бір топ азаматқа алғыс хат табыстады.

Меркелік шарада аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының арнайы дайындаған концерттік бағдарламасы ұсынылды. Бұдан соң мерекелік шараға жиналған көпшілік қауым арнайы дайындалған көрмені тамашалап, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.