ӘР АПТА СЕНБІЛІКСІЗ ӨТКЕН ЕМЕС
Иассы ауылдық округінің аумағы неліктен тап-таза екен деп сүйсінгенімізді жасыра алмадық. Ауылдық округ әкімінің міндетін уақытша атқарушы Акрам Нышановтан сұрап білгенімізде мұнда үлкен кіші демей, ауыл тұрғындарының бәрі әр апта сайын сенбілікке шығып, қоршаған ортаның тазалығына ерінбей атсалысады екен. Биылдың өзінде бекітілген іс шараға сәйкес, 32 рет сенбілік ұйымдастырылып, нәтижесінде 19 тонна күл-қоқыс арнайы полигонға төгілді. «Жасыл аймақ» бағдарламасы бойынша ауыл тұрғындары және бюджет мекемелерінің ұжымдарын жұмылдыра отырып, Кентау-Түркістан тас жолының жағасына, көше жағалауына 100 дана көшет, Шобанақ көшесіне 300 түп, елді мекенге кіре беріске 300 түп көшет, елді мекеннің орта көшелеріне жалпы 200 түп ағаш отырғызылған. Мектеп аумақтарына 100 дана терек егіліп, Шойтөбе елді мекені, Астана көшесі бойына 100 түп көшет, жалпы -1100 түп көшет отырғызылып күтіп-баптау, суару шаралары атқарылып отыр. «Жасыл аймақ» бағдарламасы бойынша берілген тапсырманы тап-тұйнақтай етіп орындап отыр.
Бекітілген іс шараға сәйкес, 2022 жылдың 6 айлығында әр сенбіде сенбілік ұйымдастырылып, нәтижесінде 8 тн күл-қоқыс арнайы полигонға төгілді. Жасыл аймақ бағдарламасы бойынша ауыл тұрғындары және бюджет мекемелерінің ұжымдарын жұмылдыра отырып, Кентау-Түркістан тас жолының жағасына, көше жағалауына 200 дана көшет, Шобанақ көшесіне 1200 түп, елді мекенге кіре беріске 300 түп көшет, мектеп аумақтарына 200 дана терек егіліп, жалпы — 1900 түп көшет отырғызылып күтіп-баптау, суару шаралары атқарылды.
Күні кеше ғана «Тазалық» айы деп жарияланып, әр сенбілік сайын әкімшілік аппаратының қызметкерлерінің ұйымдастырылуымен ауыл округтің тұрғындары және шаруа қожалық төрағаларымен бірлесе 2 техника, 78 тұрғын жұмылдырып, Еңбекші Дихан елді мекені ауыл сырты күл-қоқыстан тазартылды. Осы уақытқа дейін ауыл округке қарасты елді мекендер бойынша техника күшімен 19 тонна күл қоқыс шығарылды. Бұл шын мәнінде басқа ауылдарға үлгі болатындай шара екен.