ӨҢІРЛЕРДІ ДАМЫТУ – ЕҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

433

Иассы ауылдық округі бойынша өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша  2022 жылға  Сауран ауданына  бюджеттік өтінімге сала-сала бойынша бөлімдерге жолданды. Иассы ауылдық Еңбекші Дихан  елді мекендері бойынша 72 млн 650 мың теңгеге Түркістан Кентау трасса бойына 3 D қақпа 2,3 шақырым, рябица сетка 2,2 шақырым, көгалдандыру 1000 дана шие ағаштарын егу, баптау абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына локальдық смета жасалып, дайындалды.

Иассы ауылына қарасты елді мекен іші көшелері бойынша 2021-2023 жылдарға кешенді даму жоспарына сәйкес, Еңбекші Дихан елді мекені «Тобағабылов» және «Аллаш ата», «Оспан ата» «Саркулов», «Исаков», «Абай» «Камалов» көшелерін және Шойтобе елді мекені «Астана», «Жастар» көшелерін орташа жөндеуден өткізуге 196850,0 мың теңге локальдық смета жасалып, дайындалды, оның ішінде: жарықтандыру: Еңбекші Дихан елді мекені бойынша Тобағабылов, Аллаш ата, Оспан ата, Саркулов, Камалов, Исаков көшелерінің сметалық соммасы 128 бағана 5140 метр,  25 млн 199,0 мың теңге, Шойтөбе елді мекені бойынша «Астана», Жастар көшесі 70 бағана, 2800 метр сметалық сомасы 14854,0 мың теңгеге жасалып,  бөлінді. Аяқ жолды орташа жөндеуден өткізуге Шойтөбе елді мекені бойынша «Астана» «Жастар», көшесі 2800 метр,сметалық сомасы 35281,0 мың теңгеге келісілді. Автожолдарға асфальт төсеу орташа жөндеуден өткізу жұмыстары да жалғасын табуда. Еңбекші Дихан елді мекені бойынша «Тобағабылов» көшесі 2100 метрге, «Саркулов» көшесі 570 метрге асфальт төсеу орташа жөндеуден өткізу  сметалық сомасы 71 млн 946 мың теңге, «Аллаш ата» көшесі 320 метрге, «Оспан ата» көшесі 320 метрге асфальт төсеу орташа жөндеуден өткізу сметалық сомасы 10 млн 684 мың теңге жұмсалды. «М.Камалов» көшесі 1100 метрге, «А.Исаков» көшесі 1320 метрге асфальт төсеу орташа жөндеуден өткізу сметалық сомасы 75 млн 311 мың теңге,«Абай» көшесі  2500 метрге асфальт төсеу  сметалық сомасы 54 млн 826 мың теңгеге локальдық смета жасалып, Сауран ауданындағы сала сала бойынша бөлімдерге өткізілді.

Иассы ауылдық округі  Еңбекші Дихан елді мекеніндегі ауыз су мәселесін шешу мақсатында бүгінгі таңға Сауран ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы» бөлімі тарапынан сметалық құжаттары әзірленіп, қаржы бөлдіруге ұсынылды. Алдағы уақытта бюджеттік комиссияның оң шешімін алып, қаржы қаралған соң құрылыс жұмыстары басталмақ.  Ауыл тұрғындары тарапынан берілген ұсыныстар кезең —  кезеңмен орындалып келеді. Оның ішінде ауыз су, жарықтандыру және интернет байланыс-тарын шешу жолдары ұйымдастырылуда.