КЕЗЕГІН КҮТКЕН ЖАЙЛАР КӨП

159

Басқа өңірлердегі секілді Иассы ауылдық округі бойынша да кезегін күтіп тұрған  өзекті мәселелер баршылық. Мәселен, халық санының көбеюіне байланысты, Иассы ауылдық округіне қарасты Еңбекші Дихан елді мекеніндегі электр көзі жетіспейтін көшелерге қосымша трансформаторлар орнатып, ескі электр бағаналарын алмастыру қажет. Еңбекші Диқан елді мекенінің «Жастар» учаскесіндегі 198 тұрғын үйлерді ауыз су жүйесіне қосу керек. Еңбекші Дихан елді мекенінің  бірнеше көшелеріне ауыз су жүйелерінен су толық жетпеуіне байланысты, қосымша күрделі жөндеу жұмыстары қажет. Шойтөбе, Еңбекші Дихан елді мекендерінің ішкі көшелеріне асфальт жол салу, тротуар салу және жарықтандыру жұмыстарын, көгалдандыру жұмыстарын кезең-кезеңімен жүзеге асыру қажеттігі байқалып отыр. Шойтөбе елді мекеніндегі оңтайландырылған сызба жасалынған жерден тұрғын үй үшін берілетін жерлерге инфрақұрылым жүргізу де кезек күттірмейді. Шойтөбе, Еңбекші Дихан елді мекенінің орталық көшесі бойынан балалар ойнайтын алаңшаларын, воркауттар салу керек.  Иассы ауылдық округі Еңбекші Дихан елді мекені Шобанақ жалпы орта мектебі 300 орындық бола тұрса да,   қазіргі таңда 738 оқушы  білім алуда.

Ауылдық округінде білім беру саласы бойынша 2 мектеп жұмыс істейді, 300 орындық «Шобанақ» жалпы орта мектебінде мұғалімдер саны — 91, кіші қызметкерлер саны — 25, оқушылар саны 738 оқушы, соның ішінде мектепке даярлық тобында 54 бала, «Шойтөбе» шағын жинақталған бастауыш  мектебінде 7 адам  жұмыс істейді, 11 оқушы оқиды.

Ауылда «Жауқазын» бөбекжай бала бақшасында 37 қызметкер жұмыс істейді. Онда 6 топта 150 бала тәрбиеленуде.