САУРАН АУДАНЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

242

Түркістан облысының IV спартакиадасының бағдарламасына сәйкес Ордабасы ауданында 2022 жылдың 16-18 қараша күндері облыстық жарыс өтті. Сауран ауданының палуандары бірнеше салмақ бойынша боз кілемде күресті, атап айтқанда 55 кг С.Сұлтанбек, 60 кг С.Алиханов, 66 кг Т.Мырзатай, 74 кг Е.Әуелтай, 82 кг Е.Жарқынбек, 90 кг Е.Нуриддин, 100 кг С.Аббазов, +100 кг Е.Тұрсынбай. Тартысты өткен жарыста 55 кг салмақта С.Сұлтанбек ІІІ орын, 82 кг салмақта Сауран ауданы спорт клубының директоры м.у.а Е.Жарқынбек І орын, 90 кг салмақта Сауран ауданы спорт клубының жаттықтырушысы Е.Нуриддин ІІ орын, 100 кг салмақта Сауран ауданы спорт клубының жаттықтырушысы С.Аббазов ІІІ орынды жеңіп алды. Басқада палуандарымыз бірнеше спортшыларды жеңгенімен, 3 орын үшін күресте қарсыластарына есе жіберіп алды. Бағы мен бабы келіскен палуандарымыз жалпы командалық есепте 113 ұпай еншіледі. Жерлестерімізді жеңістерімен құттықтаймыз.