САУРАН: АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ.

291

Сауран ауданы әкімінің тапсырмасына сәйкес, аудандағы этносаралық татулықты нығайту мақсатында Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі, аудандық «Адами әлеуетті дамыту» бөлімімен және Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ Сауран аудандық филиалымен, Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-мен бірлесіп Сауран ауданы Иассы ауылдық округіндегі «Шобанақ» және Оранғай ауылдық округіндегі «Қосқорған» және «М.Әуезов» атындағы жалпы орта мектептерінің жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу өтті.

Кездесу барысында этносаралық келісімді сақтау, жалған ақпараттарды таратудың қоғамға тигізер зияны туралы, жастар бойына отан сүйгіштікті қалыптастыру қажеттілігі жөнінде кеңінен ақпараттық-насихаттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.