«ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫ ИАССЫДА

284

Бүгін ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілдері Иассы ауылында болып, «Есіктен есікке» акциясы аясында үнпарақтар тарқатып, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Айта кетейік «Есіктен есікке» акциясын өткізуге ауданның «Jastar Ruhy» жастар қанатының белсенді жастары ниет білдіріп, ел болашағы үшін маңызды оқиғалардың бірінен шет қалмауға тырысты.

Олар ауыл тұрғындарына Жаңа Қазақстанды құрудың үш негізгі қағидаты: Әділ мемлекет, Әділ экономика және Әділ қоғамды құруға негізделген сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, бұл қағидалардың әрқайсысы бір-бірімен тығыз байланысты және еліміздің алдағы 7 жылдағы дамуының жалпы жоспарын айқындайтындығы түсіндірілді және сайлауалды бағдарламада еңбек адамының өзекті мәселелері көрсетілгенін тілге тиек етіп, бағдарламаның негізгі бағыттарына тоқталды.

Сондай-ақ, оларды ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың төңірегіне топтасып, дұрыс таңдау жасауға шақырды.