ЕСКІ ИҚАНДА МҮДДЕЛЕСТЕРМЕН ӨТКЕН КЕЗДЕСУ

270

Бүгін Ескі Иқан ауылында «Иқан» ЖОМ-нің мәжіліс залында ҚР Президенттігіне үміткер Қ.К.Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалициясының Сауран аудандық қоғамдық штаб мүшелері Ескі Иқан БПҰ мүшелерімен кездесті.

Кездесудің мақсаты — кандидаттың сайлауалды бағдарламасын насихаттау, алдағы 7 жылда атқарылатын жоспарлармен таныстыру.

Аталған іс-шараға Сауран аудандық қоғамдық штабының төраға орынбасары Күнпейсов Мейрамбек, штаб мүшелері Тәңірберген Рахманберді мен Бабишев Нұрсейіт қатысып, БПҰ мүшелеріне кандидаттың сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары бойынша насихат жұмыстарын жүргізді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында қамтылған мәселелерді, оның ішінде мәдениетті дамытуға, мемлекеттік тілді қолдауға, тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіруге айрықша мән беріп, өңірлерді дамыту, ең алдымен, ауылдарда жайлы өмір сүруге жағдай жасау, қарапайым еңбек адамының мәртебесін көтерудің, оларды ел арасында насихаттаудың маңыздылығы жайлы және де ауыл жастарын жұмыспен қамту жөнінде кандидат ұсынған шаралар тарқыланды.

Мейрамбек Күнпейсов Қ.К.Тоқаевтың әділ әрі бәріне бірдей болатын ашық экономика саясатын қолдай келе, алдағы саяси науқанға халқымыздың бір ел болып белсене қатысатындығына сенім білдіріп, «Баршаңызды тарихи таңдау жасауға шақырамын. Біздің Отанымыз – бір, Мемлекетіміз – бір, Халқымыз – бір», — деп ойын білдірді.

Кездесу барысында БПҰ мүшелері Қ.К.Тоқаевтың «Ел және жер тағдыры ешкімді бей-жай қалдырмайды, әрбір азаматымыз – біртұтас Қазақстан халқының ажырамас бөлшегі», — деген сөзін тілге тиек етіп, еліміздің ертеңіне ықпал ететін маңызды науқанға атсалысатындықтарын жеткізді.