СЕРТ АУЫЛЫНДА «ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ

201

Бүгін «Есіктен есікке» акциясы аясында үнпарақтар тарқатқан ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілдері Серт ауылында болып, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Ауыл тұрғындарына Жаңа Қазақстанды құрудың үш негізгі қағидаты: Әділ мемлекет, Әділ экономика және Әділ қоғамды құруға негізделген сайлауалды бағдарламасы таныстырылып және онда еңбек адамының өзекті мәселелері мен олардың мәртебесін көтеру жайлы айтылғанын тілге тиек етіп, бағдарламаның негізгі бағыттарына тоқталды.

Сондай-ақ, ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сайты toqaev2022.kz іске қосылғандығын және бұл платформада кандидаттың өмірбаянымен, оның сайлауалды бағдарламасымен және т.б. ақпараттармен танысуға болатындығын түсіндірді.

Сайттың соңғы бетінде пайдаланушыларға кандидаттың сайлауалды іс-шараларына қатысуға мүмкіндік беретін интерактивті қызметінің барын, пайдаланушылар үміткерді қолдау үшін видео жүктей алатындығы және елімізді одан әрі дамытып, гүлдендіру үшін өз ұсынысын жолдай алатындықтарын жеткізілді.

Сонымен қатар, қазақстандықтар кандидатқа тілек хат жазуына болатындығы да тілге тиік етілді.