«КАЗПОЧТА» АҚ ӨКІЛДЕРІ ШТАБ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

288

Бүгінгі ҚР Президенттігіне үміткер Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын насихаттау бойынша өткізілген кездесулердің бірі аудандық штабта «Казпочта» АҚ Сауран аудандық филиалының өкілдерімен өтті.

Кездесуге ҚР Президенттігіне үміткер Қ.К.Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалициясының Сауран аудандық қоғамдық штабының төрағасы Сағынбек Асылбеков пен штаб мүшелері Ақай Тілес, Ахметов Сейлхан, Рысбеков Құрбанбай және Шорнақ БПҰ төрағасы Сүлейменов Баймахан қатысып, алдағы 7 жыл көлемінде атқарылатын жұмыс жоспарымен таныстырып, Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын талқылады.

Сондай-ақ, Жаңа Қазақстанды құрудың үш негізгі қағидаты: Әділ мемлекет, Әділ экономика және Әділ қоғамды құруға негізделген сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, бұл қағидалардың әрқайсысы бір-бірімен тығыз байланысты және еліміздің алдағы 7 жылдағы дамуының жалпы жоспарын айқындайтындығы түсіндірілді және сайлауалды бағдарламада еңбек адамының өзекті мәселелері көрсетілгенін тілге тиек етіп, бағдарламаның негізгі бағыттарына тоқталды.

«Әділетті Қазақстанның негізін ең алдымен еңбек адамы құрайды. Оның адал өнімді еңбегі құрметтелуі, қорғалуы және оған лайықты еңбекақы төленуі тиіс. Жұмысшылардың табысы кәсіби шеберлігіне және жауапкершілігіне байланысты болуы керек», — деген Қ.К.Тоқаевтың бастамасын қолдай келе жиын соңында штаб мүшелері «Казпочта» АҚ өкілдерін алдағы сайлауда дұрыс таңдау жасауға шақырды.