АУДАН ЖАСТАРЫМЕН ҰСТАЗДАРЫ ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫ ТАҢДАЙДЫ!

213

Бүгінгі ұстаздармен өткен кездесулердің легі Шорнақ мектебінде жалғасын тауып, ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының басымдықтары талқыланды.

ҚР Президенттігіне үміткер Қ.К.Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалициясының Түркістан облыстық қоғамдық штабының мүшелері Чалданов Зуппархан мен Ахметов Ерахан және Сауран аудандық қоғамдық штабының төрағасы Сағынбек Асылбеков Қ.Рысбеков атындағы мектеп интернатының ұстаздары және аудан жастарымен пікір алмасты.

Кездесу барысында білім саласын реформалау жайлы, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы, Әділетті Қазақстанды құру ісінде мұғалімдердің рөлі айрықша екені, мемлекетімізде соңғы жылдары ұстаз мамандығының абырой-беделін арттыру үшін атқарылған жұмыстар мен бұл бағытта әлі де атқару керек біршама өзгерістер жайлы сөз болды.

Жаһандық ғылыми-техникалық даму барысын ескерсек, жоғары сыныптарда жаратылыстану-математика пәндерін және ағылшын тілін оқытуды барынша күшейтудің маңыздылығы және ұзтаздардың еңбекақысын есептеу коэффициенті өзгеретіндігі, яғни ағымдағы жылы 1 қаңтардан бастап 1,75 мөлшерінде түзету коэффициенті қолданыла бастаған болса, алдағы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап, 2 мөлшеріне жететіндігі туралы да жиын барысында айтылды.

Ұсыныс-тілектерімен қатар, алдағы тағдыр шешті кезеңнен тыс қалмай сайлауға қатысып, Қ.К.Тоқаевтың саясатын қолдайтындықтарын жеткізген жастар «Әділетті Қазақстанды» бірге құруға шақырды.