«САУРАН СУ» ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

341

Бүгін Қосмезгіл елді-мекеніндегі «Қызыл Әскер» мектебінің мәжіліс залында ҚР Президенттігіне үміткер Қ.К.Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалициясының Сауран аудандық қоғамдық штабының мүшелері Ахметов Сейлхан мен Ақай Тілес,Рысбеков Құрбанбай және Шорнақ БПҰ төрағасы Сүлейменов Баймахан «Сауран Су» ұжымымен халықты ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі бойынша кездесу өткізді.

Кездесу барысында аудан көлемінде халықты ауызсумен қамтамасыз ету жөнінде және кандидат Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттардың бірі ауылды жерлерді кешенді дамыту тұжырымдасы аясында алдағы бес жылдықта облыстың барлық қала мен ауылдары сумен толық қамтылуы керектігі, атап айтқанда, жекелеген ауылдарға ауызсу құбырын жүргізіп, теңіз суын тұшытатын мекеменің құрылғыларын жаңғырту туралы айтып, «Сауран су» ұжымын Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Сондай-ақ кездесуде еңбек адамының қоғамдағы рөліне тоқталып, «Әділетті Қазақстанның негізін ең алдымен еңбек адамы құрайтындығын, оның адал өнімді еңбегі құрметтелуі, қорғалуы және оған лайықты еңбекақы төленуі тиістігі аталып өтті.

Жиын соңында штаб мүшелері алдағы аудан халқын ауызсумен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жоспарымен танысып, «Сауран су» ұжымын алдағы сайлауда дұрыс таңдау жасап, Қ.К.Тоқаевқа дауыс беруге шақырды.