ПОЛИЦЕЙЛЕР БІРНЕШЕ МАЛ ҰРЛЫҒЫНА ҚАТЫСЫ БАР КҮДІКТІЛЕРДІ АНЫҚТАДЫ

177

Ордабасы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Онда жәбірленуші өзінің жеке шаруа қожалығынан әрқайсының құны шамамен 100 мың теңге тұратын 73 бас қошқары белгісіз жағдайда ұрланғанын көрсеткен. Оқиға бойынша жәбірленушіге шамамен 7.300.000 теңге шығын келген.

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы орын алған мал ұрлығы қылмысын ашу, күдіктілерді ұстау мақсатында мал тасымалдайтын көліктерді, мал базарларын мұқият тексеріп, қарқынды іс-шаралар жүргізді. Нәтижесінде, полицейлер мал ұрлығына қатысы бар 2 тұрғынның жеке басы анықтады.

Тергеу жұмыстары кезінде жоғарыда аталған ер адамдардың Ордабасы, Арыс және Қазығұрт аудандардарында тіркелген басқа да мал ұрлықтарына қатыстылығы анықталған. Айғақ ретінде ұрланған қойлардың бір бөлігі тәркіленіп алынған. Қазіргі таңда аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.