БРЕСТ ҚАМАЛЫН ҚОРҒАҒАН

214

🔷 Ұлы Отан соғысының ардагері Мұратәлі Төлепбергенұлы — 98 жаста. Қазіргі таңда 2 ұл, 6 қыздан 40 шақты немере шөбере сүйіп отырған әулетті қария. Отан үшін от кешкен майдангер Брест қамалы, Варшава, Данск, Виссмарк қалалары үшін шайқасты. Қан майдан шебінде жан аямай, ерлік көрсеткені үшін «Ұлы Отан соғысы», «Германияны жеңгені үшін», «Варшаваны азат еткені үшін» ордендерімен марапатталған. Мұраталы Төлепбергенұлы
1925 жылы 20 мамырда қазіргі Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Жаскешу ауылында дүниеге келген.

🔷 Соғыста көрсеткен ерліктері үшін ІІ–ші дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденімен, «Ерлігі үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Германияны женгені үшін» және мерекелік медальдармен марапатталған.

🔷 Германияның Биттенберг қаласында жауынгерлік жолы жеңіспен аяқталған майдангер елге 1950 жылы оралды.

🔷 1950 жылдан 1953 жылға дейін Түлкібас МТС тракторлық бригадасының бригадирі, 1958–195 мг9 жылдар аралығында Калинин колхозында бухгалтер, 1959–1965 жылдары Калинин колхозы фермасының меңгерушісі болған.