САУРАН: «ҚАРТТАРДЫ ҚҰРМЕТТЕЙІК» АТТЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ.

481

Сауран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастардың бойына адамгершілік, мейірімділік қасиеттерін сіңіру мақсатында «Қарттарды құрметтейік» атты қайрымдылық акциясы өтті.

Акцияға Сауран ауданы, Жібек жолы ауылдық округінің ерікті жастарының қатысуымен ауданымыздағы қарт кісіге қолғабыс жасалып,көмек көрсетілді.

Қайрымдылық акцияның мақсаты өскелең ұрпақтың бойына қамқорлық, үлкенге деген сыйластық сынды ізгі амалдарды сіңіре білу.

Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Ендеше қазынамыз болған қарттарымызды бағалай білейік!