ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ЗОР ӘКЕЛЕР КЕҢЕСІН ҚҰРУ

308

Сауран ауданындағы «Югнаки» жалпы орта мектебінде адами әлеуметті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен ауданның ата-аналарының жиналысы болып өтті .

Аталған аудан көлеміндегі барлық мектептерде әкелер кеңесін құру .

Ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған «Әкелер мектебі» әкелер мектебін құру арқылы отбасы кұндылығын сақтау, әкелердің бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру болып табылады .

Отбасындағы әкенің міндеттері мен жауапкершілігін қалыптастыра отырып, ер балаларды ұлттық рухта тәрбиелеп, әдеп-ғұрыпты, салт-дәстүрді насихаттап санасына сіңіру.

Тәрбиелік мәні зор әкелердің

қолынан жасалатын ұлттық қолөнер бұйымдарын жасауды қолға алып «Әкелер кеңесінің » төрағалары, жастардың бойына сіңіріп үлгі көрсетсе .

Аудан көлемінде алғаш қолға алынып отырған жаңа қоғамдық құрылымның жоспарын

түсіндіріп ,таныстыру мақсатында адами әлеуетті дамыту басқармасымен келісім шартқа отырып, ұрпақ тәрбиесі барысындағы шараларды бірлесе атқаруды көздеп отыр.

«Әкелер мектебі – тәрбие мектебі»,

«Әке жолы – ізгі жол», «Әке — өнеге»,

«Отбасы – ұлағат ұясы» атты тақырыптар аясында өз ойларын ортаға салып, еркін форматта пікір алмасты .

Жыл соңында қорытындылап ең жақсы мектептер арасында тәртібі жақсы мектептер анықталып «Үлгілі әке» лентасы тағылып, «Өнегелі әке» аудандық ардагерлер кеңесінің алғыс хатымен марапатталады деді ауданымыздың

Әкелер кеңесінің төрағасы ,аудандық қоғамдық кеңесінің мүшесі ,Оранғай ауылдық ауыл биі

ауданымыздың «Құрметті азаматы »

Бекмурзаев Жұмағали Ондыбайұлы ағамыз