ТҮРКІСТАНДА «ОТБАСЫҢМЕН ОН ТАЛ ЕК» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

318

Бүгін облыс орталығы Түркістан қаласында дәстүрлі “ОТБАСЫҢМЕН ОН ТАЛ ЕК” экоакциясы жалғасын табуда.

Түркістандықтар жасыл желектің жайқалуына жанұясымен үлес қосуда. Бүгін қалада он мыңнан астам тұрғын сенбілікке шығып, ағаш отырғызды.

Сондай-ақ,науқанға қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков және де ардагерлер кеңесінің мүшелері де қатысты.

Ұрпақтар сабақтастығын нығайту, қоршаған ортаны қорғауда ұжымдық жауапкершілік қалыптастыру, тұрғындарды ағаш егуге жұмылдыру арқылы табиғатты қорғауға ынталандыру, жас ұрпақ арасында салауатты өмір салты мен ерік-жігерді шыңдау мақсатында ұйымдастырылған шараға түркістандық тұрғындар белсенділікпен атсалысуда.

Экоакция аясында «Яссы», «Отырар», 1,2 мөлтек аудандарында, “Денсаулық” саябағында, Кентау тас жолында және балабақша, мектеп аулаларында 57372 түп қарағаш, үйеңкі (клён), тұя, өрік, қарағай (сосна) ағаш көшеттері отырғызылды.

Еске сала кетейік, шаһарды көркейту – көгалдандыру бағытында ұйымдастырылған акция 25 қарашаға дейін жалғасын табатын болады.