ЖАҢА КІТАП ЖАРЫҚ КӨРДІ

313

Жақында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Ясауитану» ғылыми-зерттеу институт ғалымдары қазақ тіліне аударған Шайх Худайад ибн Таш-Мухаммад әл-Бухаридің «Мешіт пен намаз әдептері» атты еңбегі қалың оқырманға жол тартты.

Ясауи жолының көрнекті өкілі Худайад ибн Таш-Мухаммад әл-Бухаридің «Бустан ул-Мухиббин» атты шығармасының ішіндегі тек мешіт пен намаз әдептеріне қатысты бөлімдері алынып, Түркістан облыстық муфтияттың сұранысымен жеке кітап болып шығып отыр. Онда мешіттің әдептері, мұстахабтары, тажуиз, яғни рұқсат етілген мәселелер мен мәкруһ саналатын дүниелер баяндалады. Жалпы көпшілікке арнап шығарып отырған бұл еңбекте мәтіннің қазақша аудармасы, транскрипциясы араб баспа әрпімен терілген нұсқасы берілді.

Худайад ибн Таш-Мухаммад әл-Бухаридің «Бустан ул-Мухиббин» шығармасының түп нұсқасы Әзірет Сұлтан қорық мұражайында сақтаулы.

Айта кетейік, Ясауитану ҒЗИ ғалымдары Түркістан облысының бұрынғы әкімі

«Ясауи» сериясымен 9-томдық антологиясын дайындап, Ахмет Ясауидің «Пақырнама» еңбегін қазақша сөйлеткен болатын. Ал бүгінгі қалың оқырманға жол тартқан тағы да бір құнды дүниенің алар орны ерекше. Университет ғалымдары Ахмет Ясауи мен шәкірттерінің еңбектерін жинақтап, қазақ тіліне аударып, әлемге таныту жолында талмай еңбек етуде.

Эльмира АРТЫҚБАЕВА.