БЕЛГІЛІ АГРАРЛЫҚ САРАПШЫ: ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ КЛИМАТЫН ЖАҚСАРТУ БАҒЫТЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІС БАР
Журналист және аграрлық сарапшы Кирилл Павлов Түркістан қаласының климатына қатысты талдауды көріп, пікір білдірді
«Жылу аралы» талдамасы арқылы Түркістандағы климатты көруге болады. Суреттегі қызыл түс – абаттандыру мен көгалдандыруы жоқ учаскелер. Картадағы сол аймақ дәл қазір құрылысы қайнап, көпқабатты үйлер салынып жатқан аймақ. Үйлер салынып біткен соң ағаштар отырғызылады.
Ал орталықтағы жасыл учаскелер – жасыл желек отырғызылып, көгалдандыру әсерінен аптап ыстықтың жоқтығын көрсетіп тұр. Бұл – жазы +45-ке баратын Түркістанның климатын өзгертуге бағытталған дұрыс қадам.
Салыстырмалы түрде Қызылордадағы жасыл нүктелер мен аптап ыстықты көрсеткен учаскелерді қараңыздар.
Ал Атырау қаласының әкімдігі қала тұрғындары алдында мынадай жұмыстары үшін ұялуы керек деп ойлаймын, — деп пікір білдірді сарапшы.