СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС МӘСЕЛЕЛЕРІ БАСТЫ НАЗАРДА

165

Сауран ауданы әкімдігі аппаратының мәжіліс залында Сауран ауданы әкімдігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі отырысының кезекті жиыны өтті. Жиналысты аудан әкімінің орынбасары Ербол Жанғазиев күн тәртібімен таныстырып, жүргізіп отырды. Жиынға дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты.

Жиналыстың күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Атап айтсақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру бойынша аудан әкімі аппаратының заң және құқық қорғау органдарымен жұмыс жүргізу бөлімінің бас маманы Р.Тыныбек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша заңдылықтың, тәртіптің сақталуы және қабылданып жатқан шаралардың жай-күйі, ағымдағы жылда бюджеттен бөлінген қаржыларды, оның ішінде мемлекеттік тапсырысты қалыптастыруға бөлінген бюджеттік қаражатты ұтымды пайдалану туралы аудандық ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі М.Қалеке баяндамалар жасады.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.