ТҮРКІСТАН: ҰЛЫ ЖЕҢІС – ҰЛТТАРДЫҢ ЫНТЫМАҒЫНЫҢ ЖЕМІСІ
Жеңіс күні – 9 мамырды қарсы алу мен мерекелеуді салтанатты өткізу, бұл отанға деген патриотизм мен сүйіспеншіліктің, қазақстандықтардың, әсіресе жастардың рухани дамуының көрінісі. Аға ұрпақтың өз кезегіндегі міндеті – өскелең ұрпақ бойында жалпы азаматтық құндылықтарды, Отанға деген адалдықты, халыққа адал қызмет етуді, ант алдындағы беріктікті, еңбекқорлықты, заңды құрметтеуді, аға ұрпаққа деген сыйластық пен құрметті қалыптастыру. Осыған орай, «Ардагерлерді ардақтайық» акциясына жыл сайын қаланың барлық ұйымдары түгелдей дерлік қатысады. Жастар мен өскелең ұрпаққа білім беретін ұйымдардың бәрінде «Ерлік сабағы» аясында оқушылар мен студент жастармен, еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізіледі.
Жеңімпаз солдаттардың даңқты ерлігі халықтың жадында мәңгі сақталады. Бұл 1941-1945 жылдары Отанды қорғаған аға ұрпақтың ерлігі мәңгілік есте қалатынын, жастардың әрдайым сол ерлікке тағзым ететіндігінің дәлелі. Отан соғысының тарихы көміскіленген сайын Батыс елдерінің саясаткерлері сол соғыста бар ауыртпалықты көтеріп, небір қиын сыннан сүрінбей өткен Кеңес одағы мен оның халқының рөлін төмендеткісі келеді. Біз өзіміздің күнделікті жұмысымызда осы мәселені ескеріп, Отан соғысы туралы шындықты жастарға жеткізуге тиіспіз.
Ерлік тарихы ешқашан ұмытылмауы тиіс. Жастарға үнемі үлгі-өнеге болатын ардагерлеріміз баршылық. Атап айтсақ, соғыс майданында қан кешіп, ересен ерліктің үлгісін көрсетіп, Кеңес Одағының батыры атақтарына ие болған Құрманбай Ырысбеков, Абдулла Үсенов, Файзулла Юлдашев және Расул Исетов сынды аға буынды мақтан тұтамыз. Сонымен қатар, бүгінгі күнгі ұрпаққа үлгі болардай Немет Абдрасилов, Фазыл Азимов, Дайрабайұлы Әбжаппар мен Қалдар Исахановтай қарияларымыз бар. Олардың кешегі өткен алапат соғыстағы ерліктерін паш ету мақсатында қаланың көрікті жерлеріне баннерге салынған суреттері ілінді. Күнделікті өмірде жиі қолданылатын «патриотизм», «Отанға деген сүйіспеншілік», «Мәңгілік ел» ұғымдары жәй айтыла салған жалаң сөз емес, оның тамыры тереңде жатқан рухани ұлттық ұғым. Соны жастарымыздың санасына сіңіру аға ұрпақтың қоғам алдандағы парызы.
Бүгінгі таңға Түркістан қалалық ардагерлер ұйымының құрамында 20 бастауыш ардагерлер ұйымы болып, олардың есебінде барлығы 14240, оның ішінде Ұлы Отан соғысына қатысқандар – 4, тыл ардагерлері – 425, оның ішінде соғыс майданында қайтыс болған жауынгерлердің жесірлері – 24, жалғыз басты қарттар саны – 3 ардагер (зейнеткер) тұрады.
Өздеріңіз білесіздер, өткен жылы шілде айында сайлау конференциясы ұйымдастырылып, өткізілді. Осы конференцияның қорытындысымен бірқатар ұйымдастыру мәселелері қаралып, ардагерлер ұйымының төрағасы мен оның екі орынбасары және отыз жеті адамнан тұратын ардагерлер кеңесінің құрамы бекітілді.
Жаңа құрамдағы ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен есеп беру кезеңінде ардагерлер кеңесінің бір пленумы, ардагерлер кеңесі алқасының бес отырысы және ардагерлер ұйымының үш жиналысы өткізілді.
Ардагарлер кеңесімен есеп-сайлау конференциясына мыңнан астам қатысушыны қамтыған төрт семинар-кеңес ұйымдастырылып, өткізілді. Ардагерлер туралы және олардың тұрмыс тіршілігі жайлы бұқаралық ақпарат құ-ралдарында 26 мақала, әлеуметтік желі-лерде көптеген материалдар жарияланды.
Ардагерлердің жеке шығармашылық-пен айналысулары нәтижесінде 3 кітап жарыққа шығарылды (Сағынтай Жүзенов – «Жастарға ақыл кеңес», «Өнегелі өмір жолы» кітаптары, Гүлжаз Қарыбектің ардагеріміз Жарқынбек Құлбайымбетов жайлы «Ұстаз» кітабы).
Ұйымның ардагерлері қала көлемінде он мыңнан астам жастардың қатысуымен өткізілген 19 ірі көлемдегі іс-шараларға белсене қатысып, ол жерлерде жастарды қазақстандық патриотизм, ата-бабамыздың үздік салт-дәстүрлері негізінде тәрбиелеу жұмысы бағытында мағыналы әнгіме-кездесулер өткізді.
Есеп беру кезеңінде ардагерлер кеңесіне қатардағы ардагерлерден өздерін ардагерлер ұйымына қабылдау, үйлеріне газ енгізу және басқа бағыттағы мәселе бойынша 8 арыз-өтініш түсіп, олардың барлығына дер кезінде қанағаттанарлықтай жауаптар берілді.
Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметі бойынша 87 ардагердің тұрмыстық жағдайына тексерулер жүргізілген және тиісті әлеуметтік көмектер көрсетілген, 337 ардагер курорттық емдеу орындарына жіберілген, 2 ардагер жеңілдікпен бұқаралық ақпарат құралдарына жазылған.
Ұйым ардагерлері азаматтар мен (немесе) заңды тұлғалар арасындағы құқықтық қатынастардан туындайтын даулар мен келіспеушіліктерді екі тарапты да қанағаттандыратын шешімге келу мақсатында (медиация) бірқатар жұмыстар атқарды. Ұйымның қатарында медиациямен айналысатын 6 қоғамдық медиатор бар. Атап айтқанда, біздің медиатор-ардагерлер осындай дау-келіспеушіліктердің биылдың өзінде 42 фактісін тараптардың өзара келісімге келуімен аяқталуына септіктерін тигізді.
Ардагерлер ұйымының мүшелері жастарының ұлғаюына қарамастан қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, қала көлеміндегі өткізіліп жатқан көптеген мәдени-танымдық және спорттық іс-шараларға қатысып келеді.
Қалалық мәдениет және спорт бөлімі мен облыстық «Фараб» әмбебап кітапханасының негізінде аудандар мен қалалардың тараптарынан ұйымдастырылып өткізілген «Рухани жаңғыру» керуендері кезінде біздің ардагерлердің белсенділігі ерекше көрінді. Атап айтқанда, Отырар, Ордабасы, Қазығұрт, Кентау, Түлкібас, Сауран, Мақтаарал, Бәйдібек, Созақ, Жетісай, Сайрам, Төле би аудандары мен қалалары, Ақтөбе мен Жамбыл облыстары өткізген іс-шараларда ардагерлеріміздің мерейі үстем болды.
Ардагерлеріміз қала көлемінде өткізілген «Өзбекәлі Жәнібековке-90 жыл» дөңгелек үстеліне, «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясына, «Ясауи кесенесіне жарық беру», «Отбасымен он тал ек», «Әжелердің киіз басу өнері» акцияларына, «Ясауитану» оқушылар арасындағы республикалық байқауға, «Құран Кәрімді мәнерлеп оқу мен жатқа айту» республи-калық байқауға, «Ерлік – елге мұра» ак-циясына, «Ел алғысы – Еңбекке» акция-сына, «Қала әкімінің шыршасы» және басқа да ауқымды мәдени іс-шараларына қатысып, белсенділіктерін танытты.
Сонымен қатар, қала әкімі Н.Тұрашбековтың ұйымдастыруымен өткізілген қаланың жаңа құрылыстарына саяхат жасау, «Қарттар күніне», «16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік күніне», «9 мамыр – Жеңіс күніне» орай, жасалған іс-шараларына ардагерлеріміз қатысып, қаламыздағы Р.Сейтметов атындағы сазды-драмалық театрдың бірнеше қойылымдарын және жаңадан ашылған сазды-драма театрында «Бөрте», «Фариза» және басқа да спектакльдерін тегін көрулеріне мүмкіндіктер алды.
«Әкелер мектебі» бағдарламасының аясында соңғы айлардың өзінде қаламыздағы Қазыбек би атындағы №14 жалпы орта мектеп, М.Әбенова атындағы жалпы орта мектеп, А.Байтұрсынов атындағы №1 мектеп-лицей, №28 мектеп-лицей, Т.Бигелдинов атындағы №16 жалпы орта мектеп, С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицей, М.Жұмабаев атындағы №15 жалпы орта мектеп, Ататүрік атындағы №17 мектеп-лицей оқу орындарында арнайы сабақтар ұйымдастырылып өткізілді және оған сол мектептерге бекітілген ардагерлерімізбен ардагерлер кеңесінің мүшелері белсене араласа отырып қатысты. Осы оқу орындарында өткізілген іс-шаралар жөніндегі материалдар әлеуметтік желілерде кеңінен насихатталып, бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жарияланып, арнайы альбомдар жасалды.
Қала көлемінде қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, өздерінің азаматтық парыздарын ардагер ретінде абыроймен атқарып жүрген көптеген ардагерлеріміз тиісті марапаттар мен мадақтауларға ие болып отыр. Атап айтқанда, тек өткен жылдың шілде айынан бері әр түрлі атаулы күндерге орай, («Қарттар күні», «Тәуелсіздік күні», «8 наурыз», «1 мамыр», «9 мамыр») қала әкімі мен қала мәслихатының алғыс хаттарымен 100-ге тарта ардагеріміз (оның ішінде 12 ардагерге үйіне апарып берілді), облыстық «Фараб» әмбебап кітапханасы дирекциясының алғыс хаттары және бағалы сыйлықтары мен 10 ардагеріміз марапатталса, 5 ардагеріміз Түркістан қаласы әкімі мен қалалық мәслихаттың шешіміне сәйкес «Түркістан қаласының құрметті азаматы» атақтарына ие болып, арнайы төс белгілерімен марапатталғандықтарын мақтанышпен айта аламыз.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылдың 2 желтоқсанындағы Жарлығына сәйкес 1 ардагеріміз «Халық алғысы» және 14 ардагеріміз «Қазақстан Республика-сының Тәуелсіздігіне — 30 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталып, барлығымызды қуанышқа бөледі. Одан басқа 8 ардагеріміз қоғамдық ұйымдардың тарапынан «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне — 30 жыл» қоғамдық естелік медальдарымен марапатталғандарын айтуымыз керек.
Ардагерлер ұйымы тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар аз емес, дегенмен алдағы уақытта қоғамдағы бірлік пен ынтымақты, тұрақтылық пен бейбітшілікті, тәртіп пен тыныштықты дәріптеуде, жастарымызды озық үлгідегі салт-дәстүріміз негізінде тәрбиелеуде біздің атқарар жұмыстарымыз жеткілікті. Сондықтан барлығыңызды осы бағытта аянбай еңбек етуге және белсенділік танытуға шақырамын.
Барлықтарыңыздың отбасыларыңызға және өздеріңізге зор денсаулық, ырыс-дәулет, бақ-береке, ынтымақ пен бірлік тілеймін. Еліміздің, оның ішінде қасиетті Түркістанымыздың өсіп-өркендеуіне өз үлестеріңізді қоса берулеріңізге тілектеспін.
Мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті ардагерлер!
Ж.ҚҰЛБАЙЫМБЕТОВ,
Түркістан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы.