МОБИЛЬДІ ТОП МҮШЕЛЕРІ 1753 НЫСАНДЫ АРАЛАДЫ
Қаламызда індет таралуының алдын алу жұмыстары қарқынды жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, құрамына қала әкімдігінің өкілдері енген 6 мобильдік топ кәсіпкерлік нысандар мен халыққа қызмет көрсету орындарындағы карантин талаптарының сақталуын қадағалауда. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сақтық шараларының тиісті деңгейде атқарылу қажеттілігі кәсіпкерлерге түсіндірілуде. Мобильді топтардың кезекті мониторингтік жұмысы барысында соңғы жеті күнде 1753 нысан араланып, эпидахуалға байланысты карантин талаптары түсіндірілді.
Әрбір қала тұрғындары дәл қазіргі сәтте, ел азаматтары жауапкершілік жүгін терең сезінуі тиіс. Жұқпалы дерттің жедел тарайтындығын ескерсек, жауапкершілікті жоғары сезіне отырып, сақтық шараларына құлақ асып, көпшілік орыннан қашық болуға, бетперде тағуды тастамау керек. Салғырттықтың соңы – сары уайымға әкеліп соқпас үшін, барынша сақтық шараларына терең жауапкершілікпен қарағанымыз орынды. Сондықтан барша түркістандықтарды санитарлық нормаларды сақтап, індеттің алдын алуға шақырамыз.