ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ»: «ТӘРТІП ПЕН ТАЛАП ТҰРАҚТЫЛЫҚҚА БАСТАЙДЫ»
Елдегі соңғы жағдайлар бізге тыныштықтың, еркіндіктің қадірін ұғындырды. Енді біздің алдымызда арнайы белгіленген талаптар негізінде ғана әрекет жасап, Мемлекет басшысының барлық бастамасына қолдау білдіруіміз қажет. Президенттің барлық әрекетін ашық, жариялы түрде жасап жатқандығы — тұрақтылықты сақтап қалуға деген талпыныс деп түсінуіміз керек.
Осы орайда, Мемлекет басшысы ҚР Парламентінің бірлескен отырысын өткізіп, бұл тығырықтан қалай шығу қажеттігін баса айтты. Онда еліміздегі бағаның өсуі біздерді ғана емес, Мемлекет басшысын толғантып отырғаны белгілі болды. Оған нүкте қою керек деп кесіп айтты. Бұл сөз кейбір көлеңкелі жағымызды жоятындығына сенімдіміз. Және бәріміздің әл-ауқатымыздың дамуына әсер ететіндігі белгілі.
Президент өз Жарлығымен «Қазақстан халқына» қорын құрып, оған бұрынғы қаржы министрі, сауатты іскер жан Болат Жәмішовті тағайындап, түрлі қоғам өкілдерінен комиссия құрып, жұмысын бастап кеткендігі оған ел болып қолдау көрсетіп, қаржы аударып жатқандығын көріп қуанып жүрмін. «Хабар» арнасынан берген сұқбатында Болат Жәмішов қорға шамамен 150 млрд теңгедей түсетіндігін мәлімдеді. Ол қаржының кешегі қанды қырғын кезінде қаза болған құқық қорғаушылармен, тұрмысы төмен, отбасындағы сирек кездесетін сырқатты сәбилерге алдымен қаржылық қолдау көрсететіндігін атап өтті. Осы жоғарыда айтылған жәйттер орындалса, елдің билікке сенімі оянып, тәртіп пен тұрақтылық орнайтын болады.