ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІНЕ АРНАЛҒАН ӘҢГІМЕ-ТАЛДАУ ШАРАСЫ ӨТТІ

423

Түркістан қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен рухани һәм саяси көрнекті қайраткер қазақ ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы партия комитетінің екінші хатшысы, Түркістан және Сайрам аудандарын басқарған, әріптеруші қайраткері Мырзахан Пошанов туралы үстел басында әңгіме-талдау шарасы өтті.

Шараға ҚР Мәдениет қайраткері Ұлжалғас Әбенқызы, Түркістан қалалық әжелер алқасының төрайымы Айғаным Серім, «Құрмет» орденінің иегері Баян Адырбек, «Сауран» газетінің Бас редакторы Ләззат Сарыбаева қатысып, тау тұлғалы азамат жайлы естеліктерді ақтарды.

Мырзахан Пошанов Түркістанда туып өскен Қазақстанның алғашқы комсамол қарлығаштарының бірі болған. Жылдар бойы партия, совет органдарында жауапты қызметтерді абыроймен атқарған. Соңғы жылдары Қапланбек зоотехникалық – малдәрігерлік техникумының директоры болып, құрметті демалысқа шыққан. Артына өшпестей із қалдырған, өмір белестері ел тағдырымен ұштасқан, парасатты жанның халық алдындағы перзенттік парызын орындаған қоғам және мемлекет қайраткері Мырзахан Пошановты кеңінен насихаттау бүгінгі қоғам еншісіндегі мәселе.

Бүгінде қаламызда М.Пошанов атындағы жалпы орта мектебі мен көше бар. Ал жиынға қатысқандар оның есімін басылым беттерінде жиі жариялап, жас ұрпаққа қайраткердің қоғам игілігі жолындағы атқарған қызметтерін дәріптеуге үнемі дайын екендіктерін атап өтті.