“АУРУ АДАМ АШУШАҢ КЕЛЕДІ…”

308

Наухас адамға ем-дом жасап жүрген дәрігерлер еңбегі ерен! Ауру адам ашушаң келеді. Оның көңіл-күйін табу, дұрыс емдеу басты шарт. Медициналық қызмет түрінің сапасын жақсарту мақсатында емделушілерге қолайлы жағдай туғызу өткір де, өзекті мәселе-дейді Қазақ радиосына сұхбат берген Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков. Әрине, денсаулық саласында “мәселе” көп шығар. Бірақ, “мәселенің мәселесі” наухастардың жанайқайына құлақ түру. Міне, осы мәселені Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбековтің мықтап қолға алғаны қуантты. Ақпарат орталығын (call-center) 41-75-03 ашып, кері байланыс орнатты. Бұл кері байланыс Шымкенттің медицина саласындағы “кері қарағанды, бері қарату” үшін жасаған Нұрлыбек Асылбековтың құтты қадамы болсын деп тілейік!

ARA-ақпарат