“КЕРЕГІН БІР ЖАҚҚА, ”КЕБЕГІН” БІР ЖАҚҚА ШЫҒАРУ КЕРЕКПІЗ…”

361

Қазақстанда ел тыныштығы мен халық бірлігінің бекемдігінен асқан құндылық жоқ. Бұл елдегі ынтымақ-бірліктің жарқын жарқын көрінісі. Қазақ елін мекендеген әрбір этнос өкілі бірге қуанып, біріге еңбек етуі ел бақытын еселейді. Қоғам тыныштығын ойлаған Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесі «Ұлы Дала Елі» орталығында алқалы жиын өткізуде. «Этносаралық қатынастардағы шиеліністерді реттеу» тақырыбындағы бұл үш күндік семинар — тренингте айтылған орамды ойлар мен ұсыныс-пікірлер ел ішінде туындаған этносаралық мәселелердің “керегін бір жаққа, ”кебегін” бір жаққа” шығарары сөзсіз-деді бас қосуды ашып, семинар-тренинг жұмысына табыс тілеген Түркістан облысы Қоғамдық келісім” мекемесінің басшысы Эльмира Жанғазиева.
Семинар-тренинг Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2021 жылғы 21 қазанда өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп өткізілуде. Қазақстан халқы Ассамблеясының, жергілікті атқарушы органдар мен құқық қорғау органдарының қоғамдық құрылымдарының өкілдері үшін шетелдік және отандық сарапшыларды тарта отырып, этномедиацияның және этносаралық қатынастар саласында кәсіби келіссөз жүргізушілердің оқу бағдарламасын әзірлеу және курстар ұйымдастыру туралы тапсырмасын орындау мақсатында көздейді.
Түркістанның төрінде өткізіліп жатқан семинарға Түркістан облыстық КХА жанындағы құрылымдар мен этномәдени бірлестіктер жетекшілері Кентау, Жетісай, Мақтаарал, Төлеби, Сарыағаш, Келес, Түлкібас, Сайрам, Сауран аудан қалаларындағы этнос өкілдері тығыз шоғырланған ауыл округтері әкімдерінің орынбасарлары, Түркістан, Кентау қалалары мен Сауран ауданындағы мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, участкелік полиция инспекторлары қатысуда.
Сондай-ақ, ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Академиясының профессоры СаламатЖұмағұлов пен Алматы қаласындағы «Парасат» медиация және құқық орталығының сарапшы-жаттықтырушысы, кәсіби медиатор, конфликтолог Бақыт Аманкелді айтқан татымды ойлар мен талдап-сараптауларды санамызға сіңірсек ынтымағымыз артып, ел бірлігі беки түсері анық. Ынтымақ болған жерде-ырыс, татулық орнаған елде-құт қонады.
Ерсұлтан Әмірбек,
Түркістан облысы ҚХА жанындағы журналистер мен блогерлер клубының төрағасы